Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B06181 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді талдау, өңдеу, болжам жасау және статистикалық және ғылыми зерттеулерде тиімді жұмысты іске асыруға қабілетті ақпараттық жүйелер және технологиялар саласындағы бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

«6В06181 – Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  бакалавры 

6В06181 – Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады. 

Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері ақпараттық процестер, технологиялар, деректер, талдау әдістері мен тәсілдері, сұрыптау, жобалау, мекемелердің әртүрлі салалық ақпараттарын болжау және оларды түзету, сондай-ақ адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді жобалау, жөндеу, әзірлеу және пайдалану әдістері мен визуализациялау болып табылады.

Кәсіби қызметінің функциялары:
- жобалау алдындағы зерттеу;
- жобалау;
- құру;
- тестілеу;
- енгізу/пайдалану;
- әкімшілік ету.
Кәсіби қызмет түрлері:
- конструкторлық қызмет: тұтынушылардың өтініштерін, пән аумағының модельдері және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдау негізінде кәсіби қызмет объектілерінің жекелеген компоненттерінің талаптарын және спецификациясын әзірлеу; ақпараттық жүйелер компоненттерінің архитектурасын жобалау; аппараттық және бағдарламалық жүйелердің адам-машина интерфейсін жобалау; заманауи әдістерге, құралдарға және дизайн технологияларына негізделген ақпараттық жүйелерді математикалық, лингвистикалық, ақпараттық, бағдарламалық қамтамасыз етуді және техникалық сүйемелдеуді, соның ішінде автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалану.
- өндірістік және технологиялық қызмет: ақпараттық жүйелер компоненттерін құру, бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау; ақпараттық жүйелердің бағдарламалық жүйелерін тестілеу және баптау; компьютерлік желілердің желілік қызметтерін орнату, конфигурациялау және басқару; кәсіптік қызмет объектілерін сертификаттау.
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет: ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және қолдау үшін жобаларды басқару; кәсіптік қызметтің объектілерін әзірлеу және енгізу процесін ұйымдастырудағы технологияларды, құралдарды таңдау; белгілі бір кезеңде осы сапамен кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесінің жеке кезеңдерін ұйымдастыру кәсіби қызмет объектілерін дамыту процесін ұйымдастыру шеңберінде қызметкерлерді оқыту.
 

1ерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті, қажетті икемді дағдыларды қалыптастырады.
2интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
3кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
4кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
5әзірленген көрнекі ақпарат объектілерінің сапасына бағалап және қолданбалы кескіндерді өңдеу, талдау және тану мәселелерін шешу арқылы интерактивті дизайнды жобалайды.
6аппараттық және математикалық құралдарға, жергілікті есептеу желілеріне және коммуникациялық жабдықтарға қызмет көрсетеді.
7жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдерінде Smart-технологиялар мен IT-жобаларды басқару құралдарын қолданады, жобаның тәуекелдері мен тиімділігін сапалы және сандық бағалауды жүргізед.
8ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, мобильді, мультимедиялық, Web-қосымшаларды, VR және Ar қосымшаларды, дерекқорларды қоса алғанда, қорғалған клиент-серверлік қосымшаларды әзірлеуге арналған Заманауи бағдарламалау, тестілеу, ақпаратты қорғау технологияларын және аспаптық құралдарды меңгерген.
9нейрондық желілерге негізделген бағдарламаларды әзірлеп, машиналық оқыту жүйелерінің модельдерін жасайды.
10бұлттық технология құралдарына негізделген құрылғыларға арналған бағдарламалық құралдарға қолдау көрсетеді.
11ақылды құрылғыларда бейне және аудио ақпаратты монтаждау, өңдеу үшін бағдарламаларды қолданады.
12компьютерлік көру үшін қауіпсіздік бағдарламаларын сүйемелдейді.
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
PT 1251 Бағдарламалау технологиясы Қазақ тілі 8 1 4 3
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AJHK 1249 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 1 1
DMML 1245 Дискретті Математика Және Математикалық Логика Қазақ тілі 5 1 2 2
KJAKS 2205 Компьютерлік жүйелерді аппараттық қамтамасыз ету Қазақ тілі 3 1 1 1
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BİT 2105 Ақпараттық-Коммуникациялық Технологиялар Қазақ тілі 5 1 2 2
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DBSHUDMN 3209 3D Басып Шығару Үшін 3D Модельдеу Негіздері Қазақ тілі 5 1 2 2
GT 3201 Графтар Теориясы Қазақ тілі 5 1 2 2
IT 3305 Интернет Технологиялары Қазақ тілі 5 1 2 2
NYPI 2205 Объектіге бағытталған бағдарламалау II Қазақ тілі 5 1 2 2
OZh 3208 Деректер қорының теориясы Қазақ тілі 5 1 2 2
OZh 3208 Операциялық Жүйелер Қазақ тілі 5 1 2 2
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BKA 3211 Бағдарламалық Қамтаманы Әзірлеу Қазақ тілі 5 1 2 2
DKB 3210 Деректер Қорын Басқару Түрікше 5 1 2 2
KZhAB 3305 Компьютерлік Жүйелердің Архитектурасын Басқару Қазақ тілі 5 1 2 2
MKK 4211 WEB Және Мультимедиялық Қосымшаларды Әзірлеу Қазақ тілі 6 1 3 2
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DPO 4302 Деректерді Параллель Өңдеу Қазақ тілі 5 1 2 2
DV 4305 Деректерді Визуализациялау Қазақ тілі 5 1 2 2
FNWKA 4301 Қазақ тілі 5 1 2 2
GZHA 4213 Геоақпараттық Жүйелерді Әзірлеу Қазақ тілі 5 1 2 2
MKK 4211 Мобильдік Қосымшалар Құру Қазақ тілі 5 1 2 2
RНD 4305 Робототехниканы Бағдарламалық Сүйемелдеу Қазақ тілі 5 1 2 2
UDOSZhA 4214 Үлкен Деректерді Өңдеу Және Сақтау Жүйелерін Әзірлеу Қазақ тілі 5 1 2 2