Дінтану (2023 - 2027)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B02228 260 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Заманауи еңбек нарығының және жұмыс берушілердің сұранысына жауап беретін Қазақстандағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және дінтанулық ағарту жұмыстарын іске асыру мақсатында дінтану бойынша толыққанды, сапалы кәсіптік білім мен кәсіби құзыретті түлектерді дайындау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының рухани жаңғыруын жеделдету және діни ресурстарды қолдану арқылы халықтың діни сауатын арттыру мақсатында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.

«6B02228-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры.

«6B02228-Дінтану» білім беру бағдарламасының бакалавриат түлегі дін тарихы және теориясы саласында, адам және заманауи өркениет болмысының діни философиялық мәселелері, мемлекеттік билік жүйесінде, БАҚ саласында кәсіби қызмет саласы үшін дайындалған.

- республикалық, облыстық, мемлекеттік және  жергілікті органдар;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- меншіктің барлық түріндегі оқу-тәрбиелік мекемелері; 
- эксперттік-кеңес беруші кеңестер;
- қоғамдық ұйымдар және т.б.
Бакалаврдың кәсіби қызметінің функциялары:
- ұйымдастыру, басқару;
- референт, эксперт, кеңесші;
- ғылыми жобалық;
 - білім беру;
Кәсіби қызметтің түрлері:
-  білім беру (педагогтік);
- ғылыми-зерттеушілік;
- жобалық;
- психологиялық кеңес беру;
- ұйымдасытыру  басқару.
1- Жеке кәсіби салаларында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, қорғау және тарату жөніндегі бұлтты және ұтқыр сервистерді қолдануға қабілетті;
2- Мемлекеттік және шет тілдерінің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасайды және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын иелене алады;
3- Қазақстандық қоғамның тарихи білімін, әлеуметтік, іскерлік, мәдени, философиялық және этикалық нормалары мен құндылықтарын қолдана алады;
4- Студенттердің әлеуметтік жеке тұлғалық құзыреттерін және салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып белсенді демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік мәдени құндылықтарын қолданады;
5- Дінтану ғылымы салаларының негізгі қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады;
6- Дінтанудан алған білімдерін қоғамдағы дінтанулық - аксеологиялық, әлеуметтік-мәдени, діни – рухани үдерістерді тұжырымдауда көрсетеді;
7- Діни мәселелер төңірегінде дінтанулық талдау, сараптама және мониторинг жасау барысында діни-құқықтық нормаларды қолданады және іске асырады;
8- Дін ағартушыларының дәстүрлі идеялары мен ілімдерін тәжірибеде пайдаланады;
9- Діни ақпарат көздері мен объектілерін сараптай отырып, діни ахуалды тұрақтандыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешеді.
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZhK 1247 Академиялық жазбаға кіріспе Қазақ тілі 3 1 1 -
DF 1203 Діни философия Қазақ тілі 3 1 2
DN 1201 Дін негіздері Қазақ тілі 5 1 2 -
DT1201 Діндер тарихы І Қазақ тілі 4 1 1 -
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DT1204 Діндер тарихы ІІ Қазақ тілі 4 1 1 -
IТ 1282 Ислам тарихы Қазақ тілі 5 1 2 -
PAT 1219 Практикалық араб тілі ІІ Қазақ тілі 5 - 3 -