Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Yast 2204 | Ясауитану | Екінші курс | 3 | 90 | 15 | 15 | - |
Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған Ясауилік ілімнің мәнін сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәні, олардың метафоралығын түсіндірудің теориялық және әдістемелік негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады. Пән ұлы ойшыл – сопы Қожа Ахмет Ясауидің өмірімен зерделеуге, оның дүниетанымы мен хикметтерді түсіндіруді жүйелеуге бағытталған.
-
-
Топпен жұмыс, learning and study, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі.
1 | білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі; |
2 | Жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады; |
3 | Түркі халықтарының діни және діни емес дүниетанымының, Ясауи ілімінің теориялық негіздерін түсіндіреді; |
4 | Ясауи дүниетанымын көпшілікке жеткізу дағдыларын көрсетеді; |
5 | Түркі халықтарының дүниетанымындағы ортақ сопылық мәселелерін шешу барысында өз көзқарастарын, идеалдарын жақтауда жоғары сенімділік көрсетеді; |
6 | Ахмет Ясауидің сопылық түсінігі, жеті ұстанымы, үш қызметі, ілімінің тарихи және бүгінгі күндегі маңызын түсіндіреді, обьективті бағалайды; |
7 | Хикмет мағыналары және ерекшеліктері Ясауи ілімінің маңызы туралы талдайды; |
8 | Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен дүниетанымы қазақ мәдениеті мен адам әлемінің ділдік түлеу құбылысы тұрғысынан маңызды орынға ие екендігін түсіндіреді; |
9 | Бүгінгі таңда Ясауи ілімінің мәнін, маңызы мен ерекшеліктерін анықтайды, тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын түсіндіреді, қорытындылайды. |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Ясауитану пәні | Ауызша |
2 | Ясауитану пәнінің дереккөздері. Ясауи ілімінің негіздері: Құран, Сүннет және Түркілік құндылықтар | Ауызша |
3 | Ислам дінінің тарих сахнасына шығуы. Таухид діні және Хз. Мұхаммед пайғамбар | Ауызша |
4 | Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы мен оның ілімінің қалыптасу ерекшеліктері | Ауызша |
5 | Түркілік дәстүрлердің сақталуындағы ясауилік тариқатының орны | Ауызша |
6 | Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары: Диуани Хикмет, Мират ал қулуб, Пақырнама | Ауызша |
7 | Қожа Ахмет Ясауидің рух туралы тұжырымдары: 7 рух мәртебесі | Ауызша |
8 | Қожа Ахмет Ясауи мектебі мен шәкірттері | Ауызша |
9 | Қожа Ахмет Ясауидің мәдени мұрасы мен Майлықожа, Абай, Шәкәрім, Жүніс Әмре шығармаларындағы рухани сабақтастық | Ауызша |
10 | Қожа Ахмет Ясауи мектебінің жайылу кеңістігі, ұстанымдары мен ерекшеліктері | Ауызша |
11 | Түркі-ислам сәулетіндегі кесенелердің салыну сипаты | Ауызша |
12 | Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы және оған байланысты аңыз-әпсаналар | Ауызша |
13 | Қожа Ахмет Ясауидегі зікір және қылует | Ауызша |
14 | Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі заттардың символдық мәні | Ауызша |
15 | Бүгінгі ясауилік құндылықтар | Ауызша |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | Жандарбек З., Муминов Ә. Насапнама. Иасауи жолының тарихы. Шымкент, 2022. -112 б. | |
2 | Кенжетай Д., Моллақанағатұлы С. Құл Қожа Ахмет Иасауи. Тариқат әдебі туралы рисала (сопылық негіздер). Шымкент, 2022. - 112 б. | |
3 | Кенжетай Д. Құл Қожа Ахмет Иасауи. Жүректің айнасы/ Жинаған суфи Мұхаммед Данышменд Зарнуқи. – Шымкент, 2022. 256 б. | |
4 | Кенжетай Д., Жүнісбаев Ұ., Шыңғыс Ж., Мансуров Н. Құл Қожа Ахмет Иасауи. Пақырнама. Сопылық негіздер. Шымкент, 2022. -124 б. | |
5 | Кенжетай Д. Құл Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. Шымкент, 2022. - 684 б. | |
6 | Кенжетай Д., Моллақанағатұлы С. Мәулана Мұхаммед Шариф. Хужнат ул-закрин ли раддинмункирин (сопылық негіздер). Шымкент, 2022. - 460 б. | |
7 | Кенжетай Д. Жауахир –ал Абрар мин Әмуәж ил-Бихар. Шымкент, 2022. - 252 б. | |
8 | Жандарбек З. Ясауитану. Оқулық, Түркістан: Тұран. 2020. | |
9 | Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және оның маңызы. Оқу әдістемелік құрал, Түркістан. 2019. |