6B02123 Актерлік өнер
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B02123 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Театр өнері саласында шығармашылық жобалау жұмыстарын іске асыра алатын, сахналық сыртқы және ішкі техниканы меңгерген, ұжымдық шығармашылықтың этикалық принциптерін ұстанатын, режиссердің жетекшілігімен әртүрлі жанрдағы драмалық спектакльдердегі рөлдерді орындайтын, актерлік өнердің заманауи деңгейіне сәйкес білікті маман даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы жас маманның бойынан табылуға тиісті адамгершілік-рухани, интеллектуалдық, шығармашылық және ғылыми дамуы, кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу принципіне негізделген. Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және кәсіби білім берудің заманауи озық үлгідегі әдіснамасын енгізе отырып, жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.

«6B02123 –Актерлік өнер» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры

Эксперименталды-зерттеу қызметі саласында: күрделі емес шығармашылық экспериментті жоспарлайды және жүргізеді; өзінің кәсіби қызметіне зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін енгізеді.

Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: жоспарлау кезінде өнер және мәдениет мекемелерінің өндірістік бөлімшелеріне, оқу орындарына, шығармашылық ұжымдарға, мәдениет бөлімдеріне басшылық жасау және шығармашылық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады.

Әлеуметтік-этикалық қызмет саласында: қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін барабар орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеру, әлеуметтік-этикалық мәселелер мен өзінің этикалық ұстанымын анықтау үшін өз бетінше шешім қабылдау.

Шығармашылық қызмет саласында: театрда, кинода, теледидарда, эстрадада рөлдерді орындау, жеке өнер көрсету, ансамбльде, хорда ән айту, радио мен теледидардың жетекші бағдарламалары ретінде өнер көрсету.

Бакалаврдың кәсіби қызмет нысандары: театрлар, киностудиялар, өнер және мәдениет мекемелері, өнер және мәдениет саласындағы ұйымдар, баспасөз көпшілік ақпарат редакциялары, шығармашылық қорлар, мәдениет бөлімі мен әкімшіліктер.

Кәсіби қызмет функциясы: шығармашылық-орындаушылық, өндірістік- басқарушылық, жобалау, ғылыми-зерттеушілік.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • шығармашылық-орындаушылық: театрда, кинода және теледидарда рөлдер ойнау, жеке ән салу, радио және теледидар бағдарламаларын жүргізу;
  • өндірістік-басқарушылық: шығармашылық ұйымдар мен бірлестіктерде, мәдениет бөлімдерінде, арнайы білім беру студияларында;
  • жобалау: театр өнері саласында шығармашылық жобалау жұмыстары, фестивальдер мен конкурстарды ұйымдастыру жұмыстарына араласу;
  • ғылыми-зерттеушілік: отандық және шетелдік актерлік өнердің мәселелерін зерттеу. 
1ОН1 - Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
2ОН2 - Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
3ОН3 - Kәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
4ОН4 - Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
5ОН5 - Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады
6ОН6 - Қазіргі және әртүрлі дәуірлердегі музыкалық мәдениеттің, театрдың эстетикалық принциптері туралы алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, сахналық образ жасайды
7ОН7 - Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды
8ОН8 - Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық техниканың әртүрлі әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді
9ОН9 - рөліне қажетті театр нысандарында қолданылатын костюм, декорация, грим, реквизит және сахнаның техникалық қондырғыларымен жұмыс істейді
10ОН 10 - Актердің пластикалық дамыған дене аппаратының кәсіби дағдыларын меңгеріп, би өнері және сахналық сайыс техникасын жетілдіреді
11ОН 11 - Актерлік тренинг әдістерін жетілдіріп, рөлді құруда шығармашылық шешім тауып, және шығармашылыққа қажетті психофизикалық күй арқылы көркем бейнені жасайды
12ОН 12 - Бірыңғай көркемдік идея аясында шығармашылық ұжымда режиссермен, серіктестермен және сахналық топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатады
13ОН 13 - Репертуарлық жоспарларды және театрдың шығармашылық қызметінің басқа да мәселелерін талқылауға қатысады
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASH 1225 Актер шеберлігі І Қазақ тілі 5 - 2 1
ST 1226 Сахна тілі І Қазақ тілі 3 - 1 1
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASHІ 1227 Актер шеберлігі ІІ Қазақ тілі 5 - 3 2
STІ 1228 Сахна тілі ІІ Қазақ тілі 3 - 1 1
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASHT 2257 Актер шеберлігінің техникасы І Қазақ тілі 4 - 1 1
SKN 2258 Сахна қозғалысының негіздері І Қазақ тілі 3 - 2 -
STT 2230 Сахна тілінің техникасы І Қазақ тілі 3 - 1 1
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASHTІ 2260 Актер шеберлігінің техникасы ІІ Қазақ тілі 3 - 1 1
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ARZh 3262 Актердің рөлмен жұмысы І Қазақ тілі 6 - 4 -