6B02123 Актерлік өнер
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
STІ 1228 Сахна тілі ІІ Бірінші курс 3 90 - 1 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
С.Қырқынбекова

Бұл пәнде студент сөйлеу аппаратының бұлшық еттерін қысымнан босаңсыту, резонаторлық дыбыстың үстіңгі және дауыс орталығын нығайту жаттығуларын орындап, үш регистрді анықтайды. Дикция тазалығы мен көркем әдебиет мәтінімен жұмыс жүргізеді. Мәтіндегі екпіннің дұрыс орналасу заңдылығымен танысады. Дауыстың тембрлік тербелістерін анықтайды. Мәтіндегі логикалық талдау әдісін, кідірістерді, тыныс белгілерін қолдануды біледі.

Сахна тілі  ІІІ

Сахна тілі І

Топпен жұмыс, дамыта оқыту әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, модульдік оқыту технологиясы.

1ОН2 - интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
2ОН5 - Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады
3ОН8 - Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық техниканың әртүрлі әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Тыныс белгілері.Ауызша
2Мәтіндегі кідіріс пен екпін.Ауызша
3Тыныстық кідіріс.Шығармашылық
4Психологиялық кідіріс.Шығармашылық
5Қисынды кідіріс.Шығармашылық
6Негізгі ойды тауып, оның мәтінде қалай өрбитінін қадағалауШығармашылық
7Мәтінді қисынды талдау
8Сөз әрекетінің ішкі техникасының элементтері.Шығармашылық
9Сөз әрекетінің ішкі техникасының элементтерін(көңіл аудару, көру, қарым-қатынас) пайдалана отырып, мәтінді меңгеру.Ауызша
10Шұбыртпа сөздер, мысалдарды қимыл-әрекетке құру.Шығармашылық
11Төменгі, орта және жоғары регистрлер.Шығармашылық
12Регистрден ауысу кезіндегі дауыс жұмсақтығы.Шығармашылық
13Мәтінді бөлікке бөлу, орфоэпиялық қателерді табу.Шығармашылық
14Қара сөзбен жазылған шағын мәтінмен жұмыс жүргізуШығармашылық
15Қара сөзбен жазылған шағын мәтінді сахналауШығармашылық
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ұ.Кулетова, С.Қырқынбекова, Монолог оқу шеберлігі (101 монолог, 1 бөлім) оқу-әдістемелік құрал, Түркістан, Тұран баспасы. 2018 ж. 119 б.
2Д.Тұранқұлова. Сырлы сөз – сахна сәні: Оқу құралы/Алматы: «Білім» баспасы, 2016
3Д.Тұранқұлова. Көркемсөз оқу шеберлігі. Оқу құралы/Алматы: «Лантар Books», 2022 ж.
4Тұранқұлова Д.Сахна тілі: Оқулық, Алматы: «Лантар Books», 2022