| 1 | ОН1 - Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады |
| 2 | ОН2 - Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады |
| 3 | ОН3 - Kәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады |
| 4 | ОН4 - Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды |
| 5 | ОН5 - Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады |
| 6 | ОН6 - Қазіргі және әртүрлі дәуірлердегі музыкалық мәдениеттің, театрдың эстетикалық принциптері туралы алған теориялық білімдерін пайдалана отырып, сахналық образ жасайды |
| 7 | ОН7 - Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды |
| 8 | ОН8 - Дауыспен жұмыс жасау барысында сөйлеудің мәнерлі мүмкіндіктерін және вокалдық техниканың әртүрлі әдістерін игеріп, көркем мәтіндердің әртүрлі жанрларында авторлық сөзбен жұмыс істейді |
| 9 | ОН9 - рөліне қажетті театр нысандарында қолданылатын костюм, декорация, грим, реквизит және сахнаның техникалық қондырғыларымен жұмыс істейді |
| 10 | ОН 10 - Актердің пластикалық дамыған дене аппаратының кәсіби дағдыларын меңгеріп, би өнері және сахналық сайыс техникасын жетілдіреді |
| 11 | ОН 11 - Актерлік тренинг әдістерін жетілдіріп, рөлді құруда шығармашылық шешім тауып, және шығармашылыққа қажетті психофизикалық күй арқылы көркем бейнені жасайды |
| 12 | ОН 12 - Бірыңғай көркемдік идея аясында шығармашылық ұжымда режиссермен, серіктестермен және сахналық топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатады |
| 13 | ОН 13 - Репертуарлық жоспарларды және театрдың шығармашылық қызметінің басқа да мәселелерін талқылауға қатысады |