6B02123 Актерлік өнер
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASH 1225 Актер шеберлігі І Бірінші курс 5 150 - 2 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ибраева Асылзат

Білімгер К.С. Станиславскийдің ілімі негізінде сахналық іс-әрекетте жүзеге асырылған актердің ішкі техникасының элементтерін кешенді игереді. Жаттығулардағы жеке элементтерді зерттеп, оларды этюд барысында қолданады. Актерлік өнер саласындағы әр қилы ағымдармен танысады. Қарапайым іс-әрекеттерге құралған жаттығулар арқылы шындық пен сенімнің сезімін тәрбиелеуге дағдыланады. Сахнада  табиғи  әрекет  ету арқылы актер шеберлігінің  техникасының   негізгі элементтерін қолданады.

Актер шеберлігі ІІ

-

Топпен жұмыс, этюд жасау, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, модульдік оқыту технологиясы, экспрессивті әдіс.

1ОН5- Театр тарихын зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, спектакльді эстетикалық құбылыс ретінде зерттеу әдістемесін, актерлік және режиссерлік өнерді, сөйлеу өнерін, драма мен сахнаның өзара ықпалын тәжірибе барысында қолданады.
2ОН7- Актерлік өнер заңдылықтары мен драматургияның алғашқы қадамдарын зерттеп, танымал өнер өкілдерінің драматургиялық шығармаларын талдайды
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Актер шеберлігі пәнінің актердің табиғи қасиеттерін өрістетудегі атқаратын қызметі. Актер өнері саласындағы әр қилы ағымдар. (Кәсіпқойлық өнер, таптауырындылық, кейіпкерсындылық өнері, кейіпкержандылық өнері, кейіпкермәнділік өнері)Шығармашылық
2Сахналық әрекет-тіршілік кілті (Физикалық іс-әрекеттерді есте сақтауға арналған жаттығулар)Шығармашылық
3Сахналық зейін. Зейін түрлері.Шығармашылық
4«Егерде мен...» ұсынылған тосын жағдай.Шығармашылық
5Пайымдау мен бақылауШығармашылық
6Сенім мен сезім шындығыШығармашылық
7Қиял мен елестету Затқа деген қатынасқа ауысудағы физикалық сезіну (Жансыз затқа жан бітіру этюдтары)Шығармашылық
8Өлшем мен ырғақШығармашылық
9БейімделуШығармашылық
10Мақсатқа жету үшін ұсынылған жағдайларда қисынды және дәйекті әрекет ету қабілеті (мен не істеп жатырмын, қандай жағдайда істеп жатырмын)Шығармашылық
11Серіктеспен өзара әрекеттесу және қарым-қатынасШығармашылық
12Сөздің туындауыШығармашылық
13Қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеу (оқиға, оқиғалар легі мен кедергілерді бағалай білу)Шығармашылық
14Суырыпсалмалық. Мақсат.Шығармашылық
15Көркемсуреттер, мысалдар, әдеби шығарманың негізінде этюдтер.Шығармашылық
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Актер шеберлігі: теория және тәжірибе. Оқулық Алматы, «Лантар Books» баспасы, 2022 ж А.Б.Құлбаев
2Қазақ актерлік өнерінің туу, қалыптасу кезеңдері, Монография. Түркістан. «Тұран» баспасы, 2014 ж. К.Сейтметов.
3Актерлік іс-әрекеттерге машықтандыру. Оқу құралы. Тұран баспасы, Түркістан 2016 ж. К. М. Сейтметов, А. М. Сейтметова.
4Сахнадағы сымбаттылық. Әдістемелік нұсқау.–Алматы: Қазақ университеті, 2015 ж. А.Б. Құлбаев
5Коленова, В. В. Основы актёрского мастерства : учеб.-практ. пособие / Владимир :2018; –Изд-во ВлГУ