Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MZhDBMNK 3202 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру Үшінші курс 7 210 1 3 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Халилаева Эльмира Жаханқызы

Пән болашақ маманды мектепке дейінгі балалардың математикалық дамуын жүзеге асыруға дайындауға бағытталған. Курс мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагогтарында балалардың математикалық түсініктерін дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін түсінуді, білім алушыларды оқытудың, жоспарлаудың және педагогикалық қызметті талдаудың заманауи нысандарымен, құралдары және әдістерімен таныстырады. Білім алушылар ұйымдастырылған іс-әрекетті жоспарлау, балалар ойынын ұйымдастыру және басқару, конспектілеу, тәжірибелік жұмыс жүргізу дағдыларын меңгереді.

Мектепке дейінгі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі

Мектепке дейінгі педагогика

Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, дамыта оқыту әдісі, креативтілік оқыту әдістері, Топпен жұмыс, проблемалық шығарма әдісі, мини зерттеулер әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі. Мүмкіндігі шектеулі білімгерлер үшін құрылымдық бөлімдермен бірлесіп, мамандандырылған бейімдеу пәндерін (модульдерін) енгізудің оқыту әдістерін, формаларын, бақылау түрі мен уақыт мөлшерін пән оқытушысы өзгерте алады.

1- заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданып, оқу-тәрбие үдерістерін жоспарлайды (ОН8);
2- оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық әдеп ережелерін сақтай отырып, гуманистік педагогика идеяларын қолданады (ОН10);
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, даму тарихы.презентация
2Жиын. Жиындар арасындағы қатынасСөздік
3Сан және санаудың даму тарихы, жазбаша нумерация, санау жүйелері.Ауызша
4Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыруЖазбаша
5Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жұмысында қолданылатын әдістер және ұйымдастыру формаларына жалпы сипаттама.Ауызша
6Мектепке дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар.Ауызша және жазбаша
7Әр түрлі топтағы мектеп жасына дейінгі балаларда сандық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі.Ауызша және жазбаша
8Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру.Ауызша және жазбаша
9Заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдарын қалыптастыру.Ауызша және жазбаша
10Сұйық және сусымалы денелерді өлшеуіпрезентация
11Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон .Библиография
12Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыруСұрақ-жауап
13Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыруСұрақ-жауап
14Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуының диагностикасыБиблиография
15Мектепке дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарының жоспары және есебі.презентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Андабекова С. Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Оқу құралы. Алматы, -2014.
2Сағымбекова П.С., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы. Тараз, 2016.
3Абылкасымова А.Е. Методические основы обучения решению математических задач в школе. Учебное пособие. Алматы-2018.
4Жаздықбаева М.Б. Балалар ойынын дайындау. Оқу құралы. Түркістан, 2020.
5Мырзалиева К.Ж., Орынбаева Э.Е. Бастауыш сыныптардағы математикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар. Оқу әдістемелік құрал. Алматы, 2019.
6Жұманазаров Н.С. Математикалық ойлау іс-әрекетінің теориялық және қолданбалы зерттелуі. Монография. Алматы-2017