Химия-Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
МTCh22101 Химияны оқыту әдістемесі Екінші курс 6 180 1 - 3
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Cарбаева Г.Т.

Пән химияны оқыту әдістерін, оқушылардың білімін бақылаудың түрлерін, сабаққа талдау жасай алу қабілетін үйретеді. Білімгер химияны оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін оқып-үйренуде,  білімді бағалауда, оқу нәтижесіне талдау жасауда  оқытудың озық  қағидаттарына сәйкес теориялық және практикалық  әдістемелік міндеттерді шешеді. Заманауи педагогикалық технологияларын таңдай отырып, өз бетінше ғылыми-педагогикалық тақырыпқа бағытталған зерттеулер жүргізуді үйренеді.

Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі

Педагогика

  1. Топпен жұмыс

  2. Миға шабуыл

  3. Дамыта оқыту технологиясы 

  4. Кейс-стадии әдісі

  5. Проблемалық әдіс

1Мектептегі химия курсының құрылымын және мазмұнын, химияны оқыту әдістерін, оқушылардың білімін бағалау және қадағалау түрлерін біледі және химиялық тәжірибелерді жоспарлап жүргізеді, нәтижелерін болжайды, есептерді шығарудың тиімді және түсінікті әдістерін енгізеді тәжірибеде қолданады;
2Заттардың және олардың өзгеруінің негізгі факторларын, химиялық түсініктерді, химияның теориялары мен заңдарының мәнісін түсінеді;
3Химиялық түсініктерді, химия теориялары мен химия заңдарын оқытудың әдістемесін оқып-үйренеді, тәжірибеде қолданады.
4Химия бағдарламасының мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді жоспарын дидактикалық тұрғыда тиімді ұйымдастырады
5Оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін, әдістерін қарастырады, оқушылардың білімін критериалды бағалауды, сабаққа талдау жасауды меңгереді;
6Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың қызметі жайлы білімді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және жүзеге асыруда мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады;
7Оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланады, нәтижелеріне талдау жасайды;
8Химяны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасын дамытады, оқуға деген жағымды ынтаны қалыптастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химияны оқытудың әдістемесі ғылым және оқу пәні ретінде. Химиялық білім берудің міндеттері, зерттейтін мәселелері мен даму кезеңдері.Ауызша
2Педагогикалық зерттеу әдістері.презентация
3Химияны оқыту әдістері, олардың критерийлерімен белгілері.Сұрақ-жауап
4Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-11 сыныптарда) «Химия» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктерітест
5Химияны оқытудағы дидактикалық ұстанымдарЖазбашатест
6Д.И.Меңделеевтің периодтық заңын, периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып, үйрену әдістемесіЖазбашатест
7Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану. Оқушылардың білімі мен біліктілігін жүйелі тексеруСұрақ-жауап
8Химиялық реакция туралы ұғымның дамуыпрезентация
9Жалпы (орта) білім беретін ұйымдарда химияны оқыту формаларының жүйесі. Сабақ химияны оқытудың негізгі формасыАуызша
10Мектеп дәрісі химияны оқыту формасы іспеттес. Оның түрлері мен белгілері.презентация
11Химяны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасының дамуы. Химияны оқыту барысында оқушыға кәсіби бағдар беруСұрақ-жауап
12Топсеруен химияны оқыту формасы іспеттес, оның белгілері. Химия пәні бойынша өткізілетін топсеруендер жіктелісі.Жазбашатест
13Химия сабақтарында қолданылатын интерактивті әдістер мен технологияларЖазбашатест
14Химия пәніне арналған сыныптан тыс жұмыс, оның түрлеріЖазбашатест
15Органикалық химия курсын оқытудың кейбір әдістемелік мәселелеріпрезентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Берді Д.Қ., Жылысбаева Г.Н., Мухамеджанов Б.Қ. Химияны оқыту әдістемесі. 2014. 4.
2Құрманалиева М.Қ., Мырзахметова Н.О. Химияны оқыту теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы.2-ші стер. бас. Алматы: Альманахъ, 2021 - 321 с
3Абызбекова Г.М., Арынова К.Ш. «Орта мектепте химияны оқытуда сандық білім беру технологияларын пайдаланудың әдістемесі». 5В01120-Химия» мамандығы студенттеріне арналған электрондық оқу құралы – Электрондық мәтіндік мәліметтер (3,66 Мб). –Химия және экология» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары бекіткен, 2014 ж.
4Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдері: оқу-əдістемелік құрал – 56 б. 2015.5.
5Мадыханова Қ.С., Абдуразова А.П., Қобланова О.Н. ЖОО химияны оқыту әдістемесі. - Жетісай: Сырдария университеті, 2014.