Жалпы медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KDN 3307 Клиникалық дағдылар негіздері Үшінші курс 11 330 0 5 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
аға оқытушы Айтметова Г.А., магистр- оқытушы Нурманова Н.Ж., Тулегенова И.Ж., Сердалиева И.Б.

Клиникалық дағдылар негіздері циклында терапиялық пәндерді оқуда білім алушыларға базалық білім береді, науқасты сұрастыруды, қарауды және физикальды тексеруді; семиологияны, яғни науқасты зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдауды оқытады. Синдромдық диагностикаға көп көңіл бөлінеді, себебі білімгерге ауруларды дұрыс анықтауды үйретудің фундаменті болып саналады.

ішкі аурулар

анатомия негіздері және медициналық терминология

Тәжірибелік сабақтар: құзіреттерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс. Ауызша талдау, тәжірибелік дағдыларды нығайту: жалпы қарау, жүйелер бойынша қарау, пальпация, перкуссия және аускультация (кіші топтармен); жүйелер бойынша патологиясы бар науқастарды сұрастыру және физикалық тексеру; клиникалық есептер шешу, кіші топтармен жұмыс жасау, клиникалық жағдайларды талқылау, рөлдік ойындар.

Білімгерлердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы (БОӨЖ): құзіреттерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс. Ауызша талдау, тәжірибелік дағдыларды нығайту: жалпы қарау, жүйелер бойынша қарау, пальпация, перкуссия және аускультация (кіші топтармен); жүйелер бойынша патологиясы бар науқастарды сұрастыру және физикалық тексеру; клиникалық есептер шешу, ауру тарихынан фрагмент жазу.

Білімгерлердің өзіндік жұмысы (БӨЖ): симуляциялық орталықта тәжірибелік дағдыларды нығайту, науқастарды курациялау, әдебиет және интернет жүйесіндегі ақпараттармен жұмыс жасау, тақырыптар бойынша жауабымен тесттер құрастыру.

1ПОН 1 - жүйелер бойынша зерттеу әдістерін (сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) және анықталатын қалыпты көрсеткіштерін есте сақтайды
2ПОН 2 - жүйелер бойынша патологиялардың негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын түсінеді
3ПОН 3 -жүйелер бойынша науқастарды сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия жасау және аускультация жүргізу және т.б. дағдыларды орындау барысында білімін қолданады
4ПОН 4 -жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлдікпен орындайды
5ПОН 5 -жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады
6ПОН 6 - осы пәнді игеру барысында пререквизит-терден және осы пәннен алған білімін қолданады
7ПОН 7 - іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Жүрек аймағын, ірі және шеткері тамырларды қарау әдісі. Прекардиальді (жүрек алды) аймақтың, ірі және шеткері тамырлардың пальпациясы. Артериялық пульсті тексеру.Ауызшатест
2Жүрек перкуссиясының техникасы мен әдісі. Қалыпты жағдайдағы жүрек шекаралары.Ауызшатест
3Жүрек және тамырлардың аускультациясының техникасы мен әдісі. Қалыпты жағдайдағы жүрек тондары.Ауызшатест
4Электрокардиография әдісі. Қалыпты электрокардиограмманы талдауАуызша және жазбаша
5Тыныс жүйесінің тексеру тәсілдері: кеуде сарайын қарау және пальпациялау. Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы.Ауызшатест
6Өкпе аускультациясының ережелері мен техникасы.Негізгі тыныс шуларыАуызшатест
7Тыныс жүйесі қызметін функционалды зерттеу әдістері. Қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызшатест
8Жалпы қарау, ішті қарау. Іштің беткей пальпациясы, іштің перкуссиясы, аускультациясы.Ауызшатест
9Іштің терең (асқазанның, ішектердің, ұйқы безінің) пальпациясыАуызшатест
10Өт шығару жолдарының және бауырдың пальпациясы мен перкуссиясы.Ауызшатест
11Асқорыту жүйесі қызметін зертханалық тексеру әдістері, қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызша және жазбашатест
12Зәр шығару жүйесін физикалық тексеру тәсілдері. Зәр шығару жүйесін зертханалық тексеру әдістері, қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызшатест
13Қан түзу жүйесін клиникалық тексеру әдістері. Қан түзу жүйесін зертханалық тексеру әдістері, қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызшатест
14Қалқанша безі аймағын қарау және пальпациялау. Эндокриндік жүйе қызметін зертханалық тексеру әдістері, қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызшатест
15Тірек-қимыл жүйесін тексеру әдісі. Тірек-қимыл жүйесі қызметін зертханалық тексеру әдістері, қалыпты нәтижелерін талдау.Ауызшатест
16Ауру тарихының үлгісі туралы түсінік. Жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен науқастардың негізгі шағымдары, даму механизмдері. Науқастарды сұрастыру және қарауАуызшатест
17Жүрек қақпақтарының бұзылу синдромы: қос-жармалы қақпақтың тарылуы және жетіспеушілігі. Қолқа қақпағының тарылуы және жетіспеушілігі. Үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігі. Себептері. Гемодина-микасы. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.Ауызшатест
18Коронарлық жетіспеушілік синдромы (стенокардия, миокард инфаркты). Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.Ауызшатест
19Эссенциальды артериялық гипертензия синдромы. Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.Ауызшатест
20Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілік син-дромы (сол қарыншалық және оң қарыншалық). Жедел тамырлық жетіспеу-шілік (талма, коллапс, естен тану). Себептері. Симптомдары. Негізгі тексеру әдістері.Ауызшатест
21Тыныс жүйесі нау-қастарының шағымдарын, аурудың даму және өмір тарихын сұрастыру. Өкпе тінінің тығыздалу синдромы.Өкпеде қуыс пайда болу синдромы. Себептері, симптомдары, тексеру әдістері.Ауызшатест
22Бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы. Плевра қуысында сұйықтық және ауа жиналу синдромы. Тыныс жетіспеушілік синдромы (жедел және созылмалы). Себептері, симптомдары, тексеру әдістері.Ауызшатест
23Өңеш, асқазан және ішек, ұйқы безі ауруымен науқастар шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын сұрастыру. Дисфагия, асқазан және ішек диспепсиясы синдромдары. Ұйқы безінің сыртқы секреция жетіспеушілік синдромы. Себептері, симптомдары, тексеру әдістері.Ауызшатест
24Бауыр және өт жолдары ауруларымен науқастар шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын сұрастыру. Сарғаю синдромы. Бауыр жетіспеушілік синдромы. Себептері, симптомдары, тексеру әдістері. Өт шығару жолдарының және бауыр қызметін лабораториялық тексеру әдісі.Ауызшатест
25Қан түзу жүйесі ауруларымен науқастардың шағымдарын, аурудың даму және өмір тарихын жинау. Қан түзу жүйесі патологиясы бойынша науқастарды клиникалық тексеру әдістері. Анемиялық синдромның клиникалық сипаттамасы Себептері, симптомдары, лабораториялық тексеру әдістері.Ауызшатест
26Бүйрек және зәр бөлу жолдары ауруларымен науқастар шағымдарын, аурудың даму тарихын және өмір тарихын сұрастыру. Зәр шығару патологиясы кезіндегі лабораториялық тексеру тәсілдері.Ауызшатест
27Зәр өзгерісі, нефритикалық және нефротикалық, cозылмалы бүйрек жетіспеушілік синдромдарының клиника-зертханалық сипаттамасы. Себептері, симптомдары, тексеру әдістері.Ауызшатест
28Эндокриндік жүйе ауруларымен науқас-тардың шағымдарын, аурудың даму және өмір тарихын жинау. Гипер-және гипогликемия, гипер- және гипотиреоз синдромдарының клиникалық көрінісі. Себептері, симптомдары, тексеру әдістері.Ауызшатест
29Геморрагиялық, миело және лимфо-пролиферациялық синдромдардың клиникалық сипаттамасы. Себептері, симптомдары, лабораториялық тексеру әдістері.Ауызшатест
30Тірек-қимыл жүйесінің қабыну және дистрофиялық аурулары. Себептері, симптомдары.Ауызшатест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Негізгі әдебиеттер: 1. Ішкі аурулар пропедевтикасы, Оқулық. ГЭОТАР-Медиа, Москва, 2015ж. Н.А.Мухин, Б.С.Моисеев, Б.Б.Абдахина. 2. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінің клиникалық дәрістері, Оқу құралы. Алматы, 2023ж. Ахметов Қ.Ж.,Қосымша әдебиеттер: 1. Гастроэнтерология және эндокринология циклдары бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Оқу-әдістемелік құрал. Түркістан, 2014ж. Сайденова М.А, Аскарова С.С., Шарабитдинова Г.Г., Айтметова Г.А. 2. Клиникалық электрокардиография негіздері. Оқу-әдістемелік құрал.Алматы, 2014ж. Н.Г.Малюченко, А.Р.Алина, Р.Е.Бакирова. 3. Пульмонология циклы бойынша іскерлікке арналған жетекшілік. Оқу-әдістемелік құрал.Түркістан 2014ж. Алимбекова Л.Т., Абдирамашева К.С. 4. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдісі және техникасы. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 2014ж. С.Д.Нурсултанова, Р.Е.Бакирова.