Математика мұғалімдерін даярлау
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
FR 32108 Функционалдық қатарлар Үшінші курс 5 150 1 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Назарова К.

Пән қатарлар теориясымен таныстырады. Білім алушылардың сандық қатарлар, олардың жинақтылығы, функционалдық қатарлардың жинақтылығы және бірқалыпты жинақтылығы туралы білімін, функцияларды дәрежелік қатарларға жіктеу дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар сандық қатарларды жинақтылыққа зерттеуді, функционалдық және дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиустарын табуды және Маклорен және Тейлор қатарларының жіктелуін мысалдармен қарастыруды үйренеді.

Топпен жұмыс, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау креативтілік оқыту әдістері , Топпен жұмыс, бұлттық технология, IT әдісі, Case-study әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық шығарма әдісі, Модульдік оқыту технологиясы.

1- Математиканың негізгі әдістері мен заңдылықтарын қолдана отырып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шешеді (ОН9);
2- Қолданбалы практикалық есептерді шешуде, процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасайды (ОН10);
3- Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін зерттеуде теориялық және математикалық-статистикалық әдістерді қолданады (ОН11).
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Санды қатарлар. Жинақты қатарлардың қасиеттері. Қатарлардың жинақталуының Коши критерийі.презентация
2Қатарларды салыстыру. Оң қатарлардың жинақты-лығының Коши, Даламбер, Раабе Гаусс белгілері.презентация
3Таңбалары айнымалы қатарлар. Абсолютті және шартты жинақтылық. Лейбниц белгісі.презентация
4Жинақтылықтың Дирихле және Абель белгілері. Риман теоремасы.презентация
5Функционалдық тізбектер мен қатарлар. Бірқалыпты жинақтылық. Бірқалыпты жинақтылықтың Вейерштрасс, Дирихле, Абель белгілеріпрезентация
6Нүктелік жинақтылық. Бірқалыпты жинақты қатар мен тізбектердің қасиеттері.(Үзіліссіздік, шекке көшу).презентация
7Бірқалыпты жинақты қатар мен тізбектердің қасиеттері.(интегралдау, дифференциалдау).презентация
8Ақырсыз көбейтінді, және оларды қатарларға келтіру.презентация
9Дәрежелік қатарлар. Жинақталу радиусы мен дөңгелегі. Абель теоремасы.презентация
10Коши-Адамар формуласы. Аналитикалық функциялар ұғымы.презентация
11Функцияларды дәрежелік қатарларға жіктеу.презентация
12Фурье тригонометриялық қатарлары. Фурье қатарларының коэффициенттерінің нолге ұмтылуы. Дирихле ядросы және интегралы.презентация
13Орта және нүктелік жинақтылық.презентация
14Фурье қатарын мүшелеп дифференциалдау және интегралдау.презентация
15Фурье қатарының бірқалыпты жинақталуы және жинақтылық жылдамдығы.презентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Х.И. Ибрашев, Ш.Т. Еркеғұлов. Математикалық анализ курсы. Оқулық. - Новое изд. – Алматы. Экономика, 2014. 562б РМЭБ.
2Ә.Ж. Әсібеков, М.Д.Қошанова. Математикалық талдау: Оқу құралы. 2018ж.
3Х.Т. Отаров. Математикалық анализ. Оқулық – Алматы. Экономика, 2012.–536 б. РМЭБ.
4О. А. Жәутіков. Математикалық анализ курсы. Оқулық.- Алматы : 'Экономика' баспасы, 2014. - 832 с. РМЭБ.