Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EB 3289 Эпидемиология және биостатистика Үшінші курс 5 150 1 1 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Шойбек Азамат Маратұлы, Шайхаттарова Улбала Сейтжаппаровна, Омарова Балнұр Әділбекқызы, Саржанов Фахриддин Нурмахамедович

Модуль  жұқпалы  аурулардың  этиологиясын,  берілу  механизмі  және  алдын-алуын, биологиялық  объектілерді ғылыми  зерттеуде  статистикалық әдістерді қолдану  арқылы өңдеуді  және  талдауды  оқытады. Курс барысында білімгерлер  зерттелетін  салада мәліметтерді жинақтау және сыни кӛзқараспен талдау нәтижесінде ӛз бетінше шешімдер қабылдау  арқылы инфекциялық, паразиттік  және  жұқпалы  емес  аурулардың  алдын-алу бойынша медициналық  мекемелерде,  халықтың  әртүрлі  контингенттері арасында жеке, топтық  және  популяциялық  деңгейлерде  теориялық  және  практикалық дағдыларды қалыптастырады. 

Стоматологиядағы дәлелді медицина, академиялық ғылыми жазба 

Микробиология

Дәріс, тәжірибелік сабақ, БӨЖ, ОБӨЖ.

1Медициналық этика және деонтология принциптерін сақтай отырып, стоматологиялық практикада коммуникативтік дағдыларды меңгереді.
2Денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлерімен және басқа да мамандармен тиімді жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдыларды қолданады.
3Клиникалық эпидемиологияны биостатистика және дәлелді медицинамен байланыстырып қолданады.
4Халықтың денсаулығына қол жеткізу үшін денсаулық сақтау жүйесінің дәрігерлерімен және басқа да мамандарымен тиімді жұмыс істейді.
5Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын-алу бойынша медициналық мекемелерде, халықтың әртүрлі контингенттері арасында жеке, топтық және популяциялық деңгейлерде, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастырады.
6Инфекциялық аурулар кезінде эпидемиялық процестің даму механизмін есте сақтайды.
7Әртүрлі жолдармен берілетін инфекциялық ауруларда эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрады.
8Халық арасындағы инфекциялық ауру-сырқаулықты бақылау, аурухана ішілік және аса қауіпті жұқпалар кезінде бақылау қағидаларын қолданады.
9Кәсіп аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын талдай алады.
10Биомедициналық және медициналық зерттеулер туралы ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды, дәлелді медициналық тәжірибеге негізделген шешімдерді қабылдайды.
11Медициналық зерттеулердің нәтижелерін статистикалық пакеттерді қолдану арқылы талдайды.
12Науқастарға медициналық көмек көрсету барысында алынған зертханалық деректерді салыстырады және талдайды.
13Кәсіби салада қолданылатын жүйелі заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін түсінеді және оларды ғылыми-зерттеу қызметінде қолданады.
14Зерттеу нәтижелерінің тиімді ғылыми презентациясын жүзеге асырады және оларды клиникалық практикаға енгізеді, презентациялардың әртүрлі түрлерін ұсынады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Ғылыми зерттеу жүргізудегі дәлелді медицина, клиникалық эпидемиология, биостатистиканың маңызы.тест
2Ғылыми зерттеу жүргізудегі клиникалық шешімді қабылдаудың кезеңдері. Клиникалық мәселені құрастыру, PICO принципі.тест
3Эпидемиология ғылым ретінде. Негізгі эпидемиологиялық терминдер және оларды дәлелді медицинада қолдану.тест
4Клиника-эпидемиологиялық зерттеу дизайны. Обсервациялық және экспериментальды зерттеу әдістері.тест
5Ғылыми зерттеу жүргізу кезеңдері. Бақылау объектісі және оның белгілері. Медициналық ақпараттарға шолу жүргізу.тест
6Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана. Сенім интервалдарын табу.тест
7Әртүрлі мәнділік деңгейлері, таралудың түрлері бойынша критерийлердің қуаттылығын тексеру. Таралудың түрі жөніңдегі жорамалды тексеру. Таралудың қалыптылығын тексеру жөніндегі негізгі жорамал.тест
8Пирсонның Хи-квадрат критериі.тест
9Популяциялардың біртектілігі жөніндегі жорамалды тексеру үшін орайластық кестелерін қолдану. Фишердің нақты критерийін қолдану.тест
10Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар.тест
11Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың негізгі әдістерін қолданып, биологиялық және медициналық мазмұнды есептер шығару.тест
12Екіфакторлы дисперсиялық талдаудың әдістерін қолданып, биологиялық және медициналық мазмұнды есептер шығару.тест
13Статистикалық талдау негіздерін қолданып, эпидемиологиялық көрсеткіштерді өңдеуге арналған есептерді шығару.тест
14Аурулардың даму қаупі факторларын сандық бағалау. Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру.тест
15Сызықтық корреляция. Корреляциялық байланыстың күшін бағалау. Спирменнің рангілік корреляциясының коэффициентін табу.тест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Эпидемиология, оқулық, Ерманова С.А. 2016 ж.
2Эпидемиолог маманының тәжірибелік дағдылары. Ерманова С.А. Ирсимбетова Н.А. 2018 ж.
3Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебное пособие. 2016 г. В. И. Покровский, Н.И. Брико, Б.К. Данилкин, С.Г. Пак
4Лекции по общей эпидемиологии. Учебно-методическое пособие. М.К. Сапарбеков. Алматы: Эверо, 2023.
5Дәлелді медицина негіздері – 2020, https://elib.kz/ru/. Ш.С. Калиева, Е.А. Юхневич-Насонова, С.Т. Тулеутаева.
6Биостатистикаға кіріспе курсы. Оқу құралы.2014ж Б. К. Койчубеков, Д. Т. Абдыкешова, Д. Т. Алибиева.
7Биостатистика. Монография. Б.К. Койчубеков, Алматы: Эверо, 2023
8Мысалдар мен тапсырмалардағы биостатистика. Оқу-әдістемелік құрал. Б.К. Койчубеков, А.С. Букеева, А.И. Такуадина, Г.Т. Жунусова, Д.Т. Абдыкешова. Алматы: Эверо, 2023.
9Анализ категориальных данных с использованием пакета статистических программ SPSS. 2016г. А. М. Гржибовский , Т.Н. Унгуряну.
10Биостатистика https://elib.kz/ru/. Койчубеков Б.К