Филология: қазақ филологиясы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DBTT 4309 Тіл білімі тарихы мен теориясы төртінші курс 6 180 1 3 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
PhD Ергөбекова Ж.

Cтуденттерді қазіргі тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, неғұрлым маңызды бағыттармен, мектептермен, қазіргі тіл білімі мәселелерімен және зерттеу әдістемесімен таныстыру. Тілдің мәні мен функциялары, оның жүйелік сипаты мен иерархиялық құрылымы, грамматикалық құрылысы, тілдің шығу тегі мен дамуы, әлем тілдерінің жіктелуі, лингвистикалық ғылымның даму кезеңдері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын қарастырады.

Тіл білімі ғылымына кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің ғылыми фонетикасы, Қазақ тілінің ғылыми лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің ғылыми сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің ғылыми морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі.

Топпен жұмыс, work in pair, learning and study, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, джигсо әдісі, креативтілік оқыту әдістері

11 – студенттер қазіргі тіл теориясының негізгі тұжырымдарымен, тіл білімінің даму тарихымен, неғұрлым маңызды бағыттармен, мектептермен, қазіргі тіл білімі мәселелерімен және зерттеу әдістемесін меңгереді.
22 – қазіргі әлемдік лингвистикадағы өзекті бағыттар туралы түсінік қалыптастырады; тіл білімінің нысаны және негізгі мәселелері, лингвистика тарихының негізгі кезеңдері, тілдің таңбалық теориясының мәні, оның деңгейлік ұйымдастырылуы, тіл теориясының негізгі мәселелері жөніндегі мәліметтер туралы білімді жинақтайды.
33 - теориялық және практикалық білімді жинақтау әне ғылыми идеяларды, тұжырымдамалар мен теориялық құрылымдарды сыни тұрғыдан талдай білу дағдысын қалыптастырады; тілді және тіл бірліктерін талдаудың қазіргі әдістерімен таныстырады және оларды іс жүзінде қолдана білуге үйретеді; жалпы ғылыми позицияларды тілдің қоғамдағы өмірімен байланысты мәселелерге айналдыра біледі, осы тұрғыдан тілдің даму заңдылықтарын түсіне білу дағдысын дамытады; тұтас алғанда қазіргі тіл білімінің «портретін» құрайтын негізгі лингвистикалық пәндермен - әлеуметтік тіл білімі, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және т.б. таныстырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Тіл білімі теориясы мен тарихы пәні және оның зерттеу нысаны ПрактикалықАуызша
2Ежелгі дәуір тіл білімі. ХҮІ-ХҮІІІ ғ. тіл біліміАуызша
3Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. «Өлі» тілдерді қайта қалпына келтіру. В.фон Гумбольдттың лингвистикалық көзқарастарыСөздік
4ХІХ ғ. Тіл біліміндегі бағыттар. Натуралистік, психологиялық, жас грамматикалық бағыт.Ауызша
5Мәскеу, Қазан, Эстетикалық, «Сөздер мен заттар» мектептеріАуызша
6Ареалды лингвистика. НеолингвистикаСөздік
7Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары. Француз әлеуметтік лингвистикасыСөздік
8Америкалық этнолингвистика. НеогумбольдшылдықАуызша
9Структурализмнің негізгі бағыттары.Ауызша
10Лондон, Ресей, Қазақстан тіл біліміСөздік
11Тіл ерекше сипаттағы таңбалық жүйе ретінде. Семиотика негіздеріАуызша
12Тіл және ойлау. Психолингвистика. Тіл және мәдениет.Ауызша
13Тіл және қоғам. Әлеуметтік лингвистика. Тіл типтері. Лингвистикалық типология.Ауызша
14Тіл жүйелік-құрылымдық жасалым ретінде. Жалпы фонетика, жалпы морфология, жалпы синтаксис, жалпы семантика.Сөздік
15Тілдерді зерттеу мен сипаттаудағы әдіс-тәсілдерСөздік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. 10-басылым, Халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл. -608бет
22. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 2016
33. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- Алматы, 2015