Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
CTT 32102 Химияны оқыту технологиялары Үшінші курс 3 90 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Cарбаева Гульнар Турсынбаевна

Пән химияны оқытуда біртұтас жүйелі және мақсатқа сәйкес қазіргі заманғы технологияларды, олардың жіктелуін және құрылымын, мазмұнын айқындайтын негізгі тұжырымдамаларды оқытады. Білімгер сабақты жоспарлауда педагогикалық және инновациялық технологияларды таңдау мен қолдануды қалыптастырады. Оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті  дамытудың және  үздіксіз жетілдірудің,  зерттеудің әдістерін меңгереді, шығармашылық ізденіс нәтижесінде химиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуді үйренеді.

-

-

  1. Топпен жұмыс

  2. Миға шабуыл

  3. Дамыта оқыту технологиясы 

  4. Кейс-стадии әдісі

  5. Проблемалық әдіс

1жаңа педагогикалық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктерімен танысады, тәжірибеде қолданады;
2оқыту әдістері мен амалдар жүйесін қарастырады және оны химияны оқытуда пайдаланады
3пәндік бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді, тәжірибеде қолданады.
4Химия бағдарламасының мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді жоспарын дидактикалық тұрғыда тиімді ұйымдастырады
5Оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін, әдістерін қарастырады, оқушылардың білімін критериалды бағалауды, сабаққа талдау жасауды меңгереді;
6Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың қызметі жайлы білімді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және жүзеге асыруда мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады;
7Оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланады, нәтижелеріне талдау жасайды;
8Химияны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасын дамытады, оқуға деген жағымды ынтаны қалыптастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері пәні және оның ғылыми негізі. Химияны жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері.презентация
2Жоғары оқу орнында химияны оқытудағы оқуды ұйымдастыру формалары.Сұрақ-жауап
3Болашақ химия мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау. Педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппаратыАуызша
4Химияны оқытуда қолданылатын педагогикалық технология түрлері. Технологияландыру химиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі іспеттес.Жазбаша
5Сабақтың технологиялық картасы - заманауи сабақ жоспары іспеттес. Технологиялық карталау негізіАуызша және жазбаша
6Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды химия сабақтарында қолдану əдіснамасы. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлғатест
7Химияны оқыту технологиялары пəнінің жоғары оқу орындарында оқытылатын басқа пəндермен пəнаралық байланысы.презентация
8Химияны оқыту үдерісін басқару жəне ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар. Химия тақырыптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясыАуызша және жазбаша
9Химияны проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтарыЖазбаша
10Химияны жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары. Ынтымақтастық педагогикасы. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили бойынша).Жазбаша
11Химияны оқытуда кейс-стадии технологиясының маңызы. Ұйымдастыру кезеңдері, үлгілік презентациясыАуызша
12Химияны оқыту процесіндегі оқытудың жобалық технологиясы. Жобалау технологиясы және оны ұйымдастыру әдістемесіСұрақ-жауап
13Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин). Дамыта оқыту технологиясыпрезентация
14Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық технологиялар құралдарыАуызша және жазбаша
15Қашықтықтан оқыту технологиясы. Химиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары.тест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Берді Д.Қ., Жылысбаева Г.Н., Мухамеджанов Б.Қ. Химияны оқыту әдістемесі. 2014.
2ҚұрманалиеваМ.Қ., МырзахметоваН.О. Химияны оқыту теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы.2-ші стер. бас. Алматы: Альманахъ, 2021 - 321 с
3Абызбекова Г.М., Арынова К.Ш. «Орта мектепте химияны оқытуда сандық білім беру технологияларын пайдаланудың әдістемесі». 5В01120-Химия» мамандығы студенттеріне арналған электрондық оқу құралы – Электрондық мәтіндікмәліметтер (3,66 Мб). –Химия және экология» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары бекіткен, 2014 ж.
4Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдері: оқу-əдістемелік құрал – 56 б. 2015.5.
5Мадыханова Қ.С., Абдуразова А.П., Қобланова О.Н. ЖОО химияны оқыту әдістемесі. - Жетісай: Сырдария университеті, 2014.