Педагогика және психология
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BZh 5309 Білім жүйелері Екінші курс 5 150 1 1 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ж.З.Торыбаева

Аталған курстың мақсаты жоғарғы білімді және мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің стратегиялық сұраныстарын қанағаттандыратын, халықаралық еңбек рыногында бәсекелес бола алатын педагогикалық маманды қалыптастыру болып табылады. Білім беру жүйесінің  стратегиялық мақсат пен міндеттерін жүзеге асыру үшін болашақ магистрлердің кәсіби құзыреттерін, сондай ақ басқарушылық іс әрекеттке даярлығын қалыптастыру қажет. Қойылған міндеттерді шешу барысында педагогикалық кадрларды даярлаудың тұтас жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынылған курс білім беру мекемесіндегі педагог психолог маманның білім беру жүйесіндегі рөлі, қызметтік бағыттары мен іс әрекетінің мазмұны қарастырылады. Сонымен бірге, аталмыш пән білім беру жүйелерінде педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру технологияларын игеруді қамтиды

-

Миға шабуыл, кейс-стади, сыни тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту әдістері, креативтілікті дамыту әдістері, баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық оқыту әдісі. 

1ПОН 1- Педагог-психолог маманның іс-әрекетін әртүрлі тәсілдерін меңгереді;
2ПОН 2- Білім жүйесіндегі педагогикалық-психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары мен әдістері жайлы ақпаратты нәтижелі талдайды;
3ПОН 3- педагог-психолог қызметінің түрлері және оқу тәрбие үдерісін басқарудың әдістемесін жинақтайды;
4ПОН 4- Заманауи педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу әдістемесін және озық технологияларды қолдануға қабілеті мен дайындығын көрсетеді;
5ПОН 5- білім жүйелерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру мен нәтижелерін бақылау дағдыларын ауызша және жазбаша қолданады;
6ПОН 6- тұтас педагогикалық үдерісте білім субъектілірінің іс-әрекетін үйлестіріп, педагогикалық-психологиялық қызметті талапқа сай ұйымдастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Білім жүйесі жайлы түсінік. Білім жүйелерінің қалыптасуы мен дамуы
2Білім беру жүйелерінің құрылымы, оның қызметінің сапасы
3Білім жүйелерін басқарудың теориялық негіздері
4Педагогикалық үдерісті басқару жүйесіндегі басшы ролі және басқару кадрларының жұмыс принциптері
5Білім беру ұйымдағы адам ресурстарын басқару жайлы түсінік
6Білім жүйесін басқарудағы педагог-психологтың рөлі
7Білім беру мекемедегі оқу-тәрбие үдерісін басқару
8Білім беру мекемесіндегі педагогикалық-психологиялық қызмет пен ұжымның өзара әрекеттесуі
9Жалпы білім беретін мектепте басқару әрекетінің тиімділін диагностикалау
10БЖ қызметін басқару мәселелері
11Еңбекті ынталандыру мен кадрлардың мотивациясы
12Білім беру мекемесіндегі ұйымдастырушылық мәдениет
13Педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау
14Білім жүйесіндегі инновациялық үдерісті басқару
15Құзыреттерге бағдарланған білім жүйелерінің негізгі белгілері
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11Бұзаубақова К.Ж. Білім берудегі менеджмент: оқу құралы. - Тараз, 2020. – 244 б.
2Алметов Н.Ш. Педагогикалық менеджмент. - Алматы, 20-165б. http://elib.kz/
3Абеуова И.А. Білім беру саласындағы психологиялық қызмет: әдіснама, технология, практика.- Алматы: Эверо, 2015http://elib.kz/
4Балғымбаева З.М., Ахтаева Н.С. Білім берудегі практикалық психология: Оқу құралы. - Алматы, 2013. -232б.
5Болатбаева А. Білім беру ұйымдарындағы стратегиялық менеджмент.-Алматы: Қазақ университеті, 2017
6Дорф Р.К. Замануи басқару жүйелері.- Алматы, 2016http://elib.kz/ Қосымша:
7Торыбаева Ж.З., Ортаев Б.Т. Қазіргі жоғары мектептің оқу үдерісін басқару: оқу құралы.- Түркістан, 2015.-124б.
8Мұханбетжанова Ә. Педагогикалық жүйетану негіздері : оқулық / Ә. Мұханбетжанова, С. А. Бахишева, А. Кемешова. - Алматы : ЖШС РПБК Дәуiр, 2015. – 320б.
9Бартлет С., Бертон Д. Білім берудегі зерттеулер: оқулық. - НұрСултан, 2020. – 157б.
10Нұсқабаева Г.О., Нұсқабаев О.Н. Білім беру әлеуметтендіру. -Түркістан, 2018
11Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. Алматы: Эверо, 2015.-2005 б.
126Кабекенов У. Ересектер білімі: теориясы мен тарихы, даму тенденциялары: монография.-2013
13Қусайынов А.Қ. Салыстармалы педагогика- Алматы, 2018. – 256б.