Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ATOAT 7301 Жазушы шығармашылық шеберханасын зерттеудің методологиялық мәселелері Бірінші курс 3 90 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ф.ғ.д., профессор Ергөбек Қ.С.

Шығармашылық шеберханасы – үлкен ұғым. Шеберхана дерлік қаламгерлік құпиясын түгел ақтара ма? Тақырып табу, материал жинау, түптұлға /прототип/ мен кейіпкер арақатынасы,  шығарманың қайда, қалай жазылуына дейін үңіле оқыған кісі мемуардан шығармашылық шеберхананың қыр-сырын аңғарады. Тіпті шығарманың қалай жаратылуынан оқырмандық ортада қалай қабылдануына дейін толайым сырға осы мемуарда кезігеміз. Бәлкім, кезінде ұлтшылдар аталған ұлылар шығармасын С.Мұқанұлы, Мұқанұлы Сәбит шығармасын шығармасын олар қабылдамай өзара айтысып-тартысып кеткеніне шейін жасырмай, бүкпесіз айтқандықтан да мемуарист бүгінде кейбіреулерге ұнай бермейді. Бұл – дүниетаным, көзқарас мәселесі. Шығармашылық шеберхана! Бұл – шет ел әдебиетінде, іргелес орыс әдебиетінде бар, әбден орныққан, қалыптасқан, зерттеу саласы. Есесіне, қазақ әдебиеттану ғылымында әл-әзір дамып кете алмай келеді. Шығармашылық шеберханасы қарастырылуы үшін – жазушы ұлт әдебиетінің үлкен тұлғасы болуға, оның сол әдебиетте мектебі қалыптасуға керек. Әдетте шеберханалық зерттеу жазушы дүниетанымы, шығармасына тақырып табуы, оны зерттеуі, материал жинау, жиналған материалды екшеу, өмірлік шындықты көркем шындыққа айналдыру, өмірде болған адамды түптұлға ретінде ала отырып оны көркем образға айналдыру, жазу процесі, өңдеуі, қысқарту, толықтыру секілді мәтіндік (текстологиялық) шараларға дейін қамтиды. Зерттеу осы бағытта жасалады.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет,  ХlХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

Философия, психология, педогогика, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті. 

1. баяндау әдісі,
2. пікір алмасу әдісі,
3. пікірталасу әдісі,
4. проблемалық әдіс,
5.  талдау әдісі.
 

1Әдебиетті оқытуда білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
2Алынған кәсіби теориялық білімді ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу барысында қолдана алады;
3Ақпараттық технологияларды тәжірибеде қолданады;
4Кәсібінің әлеуметтік маңызы мен мәнін түсінеді;
5Әдебиеттің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін зерделеуге қабілетті;
6Әдебиеттің жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын зерделеуге қабілетті;
7Әдебиеттің даму тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге қабілетті
8Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Шығармашылық пен шығармашылық еңбектің болмыс бітімі. Шығармашылық еңбектің шығу тегіАуызшаСұрақ-жауап
2Әдеби шығармашылық туындыларын өнер түрлері аясында жүйелеу принциптері. Шығармашылық еңбек және көркемдік ойлауАуызшаСұрақ-жауап
3Әдеби шығармашылық еңбек және суреткер тұлғасы. Шығармашылық еңбек процесінің сатыларыАуызшаСұрақ-жауап
4Жазушының шығармашылық ой өзегі (замысел)АуызшаСұрақ-жауап
5Қаламгердің өмір құбылыстарын (материалдарын) жинау жолдары мен шығармашылық ой өзегінің жетілу процесіАуызшаСұрақ-жауап
6Өмір құбылыстары мен материалдарын жинақтауАуызшаСұрақ-жауап
7Өмір құбылыстарының мағыналық-құрылымдық тұтастығыАуызшаСұрақ-жауап
8Өмір құбылыстары және образАуызшаСұрақ-жауап
9Өмір құбылыстарының көркем пішінге көшу процесіАуызшаСұрақ-жауап
10Қаламгердің өзі мен кейіпкері. Жазушы мен оқушыАуызшаСұрақ-жауап
11Суреткердің шығармашылық жұмыс тәртібі, әдебі мен әдеті. ЖазуАуызшаСұрақ-жауап
12Әдеби шығарма және авторлық редакция. Шығармашылық еңбектің азабыАуызшаСұрақ-жауап
13Шығармашылық еңбектің рахаты. Әдеби шығарма тағдырыАуызшаСұрақ-жауап
14Әдеби шығарма және шығармашылық шеберлік. Шығармашылық әдіс пен стильАуызшаСұрақ-жауап
15Әдеби сын – әдеби шығармашылықтың бір түріАуызшаСұрақ-жауап
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1. Келбет (С.Мұқанов тағдыры). – Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2020. -624 б.
2Қ.Ергөбек., Бейсембай Кенжебайұлы шығармалар жинағы (Түрік қағанатынан бүгінге дейін). Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ, 2018. 360 бет. І-ІІ том.
3Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 2 том: Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы./Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.
4Ергөбек Қ. Жазушы шеберханасы. Аламты, Қазақ Ақпарат, 2000 ж
5Садырбайұлы С. «Сөз асылы сөзде». А: «Қазақ университеті», 2009.
6Ергөбек Қ.С. Арыстар мен ағыстар. - Астана: Фолиант, 2004. 5-кітап. Шеберлік шеберханасы, – 224 б.
7Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А. 1991.
8. Бабалар сөзі. Көп томдық. Т.1. Астана. 2002. -448б.
9. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана, 2000.
10Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. А., 2004.