Тарих
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D01604 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Білім, ғылым саласында заманауи талаптарға сай білікті, бәсекеге қабілетті, инновациялық ғылыми-зерттеу әдіснамасы мен оқыту әдістерін, тәжірибелік дағдыларына қатысты кәсіби құзіреттерін іске асыра алатын ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«8D01604-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Ғылыми-зерттеу институты, ғылыми-өндірістік мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі бөлімдер, ғылыми-зерттеу, ғылыми-сараптаушылық мекемелер, жалпы білім беру мекемелері және кәсіптік білім беретін оқу орындары

Kәсіби қызмет нысандарына  ЖОО-дары, колледж, гимназия, ғылыми-зерттеу институты, мұражай, ғылыми-жобалау мекемелері, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі басқармалар мен бөлімдер; республикалық ведомстволарының салалық бөлімшелері, департаменттері; ғылыми-зерттеу, ғылыми-сараптаушылық мекемелері және т.б. жатады

Ғылыми зерттеулерді орындайды; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізеді; таңдалған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады

1Академиялық адалдықты сақтай отырып, ғылыми зерттеулер мен педагогикалық эксперименттерді рәсімдейді, зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын отандық және шетелдік басылымдарда жариялайды (ОН1)
2-Өзекті заманауи ғылыми зерттеулерді жоспарлап және іске асырып, ғылыми зерттеулердің ұлттық және халықаралық жарияланымдарының жағдайы туралы білімді пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді сандық және сапалық әдістермен өңдейді және бағалайды (ОН2)
3Психологиялық–педагогикалық маңызды зерттеулердің нәтижелерін өңдеп, сараптай отырып, нәтежелерін түсіндіріп, диагностикалап, оқу үдерісінде қолданып, шешім қабылдайды (ОН3)
4Тарихи процестерді, оқиғалар мен құбылыстарды зерттеуде ғылыми тұжырымдар мен көзқарастарды сыни тұрғыдан талдау арқылы қолданады (ОН4)
5Тарих ғылымының қазіргі заманғы теориялық-методологиялық негіздерін қолдана отырып, зерттеуге қатысты стратегиялық шешімдер әзірлейді (ОН5);
6Көшбасшылық қабілеттерін, кәсіби дағдылары мен тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып, ғылыми-педагогикалық құзіреттерін іске асырады (ОН6)
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
TKZhKTOM 7301 XVIII-XXI ғасырдың басындағы Түркістан өлкесінің халқы (этносаяси және әлеуметтік-мәдени аспектілері) Түрікше, Қазақ тілі 5 1 2
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HPINH 7218 Отандық тарих ғылымындағы тарих психологиясы Қазақ тілі 5 15 15 -
HPTAP 7219 Тарихи тұлғатану: теориясы мен практикасы Қазақ тілі 5 15 15 -
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
CIOKHICOIK 7304 Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері Қазақ тілі 5 15 30 0