Медицина
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M10131 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Денсаулық сақтау саласында заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін қолдана отырып, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге денсаулық сақтаудың ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М10131-«Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі

- денсаулық сақтау саласындағы саясат;

- денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару және халықтың денсаулығын қамтамасыз ету;

 - қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы менеджмент және үкіметтік, жергілікті және үкіметтік емес ұйымдардағы практикалық жұмыс.

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;

-қоғамдық денсаулықты сақтау ғылыми-зерттеу институттары;

-бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері;

-табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары;

- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қоғамдық денсаулықты сақтау жүйесінің мамандарын қайта даярлау.

-оқытушылық қызмет;

-оқу-әдістемелік жұмыс;

- тәрбиелік;

-ғылыми және педагогикалық ұйымдастырушысы, зертхана жетекшісі;

-ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;

- санитарлық-гигиеналық экспертиза.

-Денсаулықты сақтау

- білім беру (педагогикалық);

- оқу-әдістемелік;

- оқу-тәрбие;

- ғылыми-зерттеу;

- ұйымдастыру және басқару қызметі.

1-Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелерімен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6- Денсаулық сақтаудың әртүрлі салаларында зерттеулерді әзірлеу, жүргізу және бағалау дағдыларын көрсете отырып,ғылыми сенімділігі мен сапасын бағалайды
7- Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-талдау, библиографиялық деректерді сыни түсіндіріп, өз ойлары мен шешімдерін толық көлемде баяндай алады
8- Өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысады
9- Медициналық білім беруде оқыту және бағалау әдістеріне байланысты қазіргі заманғы әдіснамаларды сыни тұрғыдан талдайды
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AKZhAZM 5212 Аса Қауіпті Жұқпалы Аулулардың Заманауи Мәселелері Қазақ тілі 5 3 0 0
DMKEN 5313 Дәлелді медицина мен клиникалық эпидемиология негіздері Қазақ тілі 5 3 0 0
IZM 5211 Иммунопрофилактиканың заманауи мәселелері Қазақ тілі 5 0 3 0
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 5304 Академиялық Ғылыми Жазба Қазақ тілі 5 2 1 0
DSUB 5313 Денсаулық Сақтауды Ұйымдастыру және Басқару Қазақ тілі 5 3 0 3