Медицина
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AGZh 5304 Академиялық Ғылыми Жазба Бірінші курс 5 150 2 1 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Э.Н Оспанова

Пәннің мақсаты жалпы академиялық қағидаттар шеңберінде ғылыми этика және академиялық адалдық талаптарына сәйкес басылымдарға мақала дайындау жолдарын меңгеру. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант мақала мәтінін құрастыру әдістерін, академиялық жазбалардың түрлерін және халықаралық дерекқор базаларын пайдалану жолдарын меңгеріп, әртүрлі ғылыми журналдардың талаптарына сай мақала дайындау және журналдардың онлайн жүйелерімен (сайттарымен) жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Курста ғылыми деректерге талдау жасау әдісі қолданылады.     

- зерттеудің қолданбалы әдістері

зерттеу практикасы

Оқытушы басшылығымен орындайтын магистранттың өзіндік жұмысы (ОБМӨЖ): өткен тәжірибелік сабақтарында қарастырылған сұрақтарды тереңдетіп оқыту, өз бетімен оқуға арналған тақырыптар және туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу.

Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ): тәжірибе түрінде орындалады деп көрсетілген тақырыптарды өз бетімен оқу, компьютерлік модельдер және программалармен жұмыс, презентация мен рефераттар дайындау, шағын топтарда жұмыс, қосымша әдебиеттермен жұмыс, тест тапсырмаларын өз бетімен шешу, ғылыми рефераттар дайындау және қорғау.

1ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, таңдайды;
2халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін жинақтайды;
3зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, ғылыми еңбектерді жинақтайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Ғылыми мақалаларды сыни шолу қадамдарыСұрақ-жауап
2Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін академиялық және кәсіби ортада, оның ішінде ағылшын тілінде жарияланымдар және сөзбен сөйлеу түрінде ұсыну қабілеті.Сұрақ-жауап
3Ғылыми зерттеу жұмысында әдеби шолуды жүргізу принциптеріСұрақ-жауап
4Әдебиеттермен жұмыс жасаутест
5Ғылыми мақалаға аннотация, оның құрылымы.презентация
6Ғылыми дискурстың ерекшеліктері. Зерттеу жұмысына, зерттеуге арналған материалдар мен әдебиеттерге тақырып пен тақырыпты таңдау. Әдебиеттер тізімін рәсімдеу.Ауызша
7CVs құрастырудың құрылымы мен ережелері. Академиялық сауаттылық және хатты бағалау критерийлері. Report (Есеп). Көрнекі ақпаратпен жұмыс істеудің құрылымы мен ережелері. Өзгерістерді білдіретін лексика.Сұрақ-жауап
8Көмекші материалды дайындау: слайд-шоу, өңдеулер (handouts- тарату материалдары). Слайд-шоудың құрылымы мен мазмұны. Слайдтың дизайны. Слайд-шоуды ұйымдастырудың типтік қателері. Қойылымның басталуы. Аудиторияның назарын аудару әдістері. Регламентті сақтау.Сұрақ-жауап
9Әдеби шолудың сапасын бағалау. Әдеби шолуды жүргізу принциптеріСөздік
10Академиялық жазу модельдері. Оқиға-бақылау зерттеулерінің дизайны.презентация
11Идеяларды құру және ұйымдастыру: фактіден пікірге дейін.Когортты зерттеудің дизайныСұрақ-жауап
12Академиялық жазудың келесі түрлерінің негізгі мақсаты қандай: notes (жазбалар); a report (есеп); a review (шолу); a project (жоба); an essay (эссе); a thesis (тезис); an article/ paper (мақала/ құжат)?Сұрақ-жауап
13Академиялық процесте плагиатқа жол бермеу ережелері, тәсілдері мен әдістеріпрезентация
14Академиялық жазудағы дәйексөз ережелері.Сұрақ-жауап
15Эссенің академиялық жанр ретіндегі негізгі ерекшеліктері. Көлемі, құрылымы, тілі, стилі.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Академиялық адалдық және ғылыми зерттеу жұмысын жазу техникасы. Оқу-әдістемелік құрал. С. М. Сапина, Б. Б. Динаева. - 2020.
2Академическое письмо: основы написания исследовательской работы. Учебное пособие [Текст] / Е. Оспан. - Алматы: Білік, 2020.