Экология
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M05223 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Жаратылыстану ғылым саласында еліміздің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуде табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, тиімді басқару, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби экологиялық пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып кәсіби деңгейдегі заманауи ғылыми, қолданбалы мәселелерді тұжырымдауға, шешімін табуға қабілетті магистрлерді даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«7M05223–Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

 

 

Ұйымдастырушалық-басқару – табиғатты қорғау объектілері саласындағы жоспарлау және ұйымдастыру қызметтерін бақылау;

Өндірістік-технологиялық – табиғи және өнеркәсіптік объектілердің экологиялық сараптама мен құжаттандыру үшін қажет материалдарды алу және талдау;

Қызмет көрсету және эксплуатациялық - экожүйелер жағдайының тұрақтылығын және бүтіндігін  сақтау мақсатында табиғи ортаның сапасын нормалаудағы практикалық ұсынымдарды әзірлеу;

Эксперименттік-зерттеу – ғылыми эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу, бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру және табиғатты тиімді пайдаланудағы жаңа экологиялық әдістер мен технологияларды дайындау, мониторингтегі экологиялық қызмет, қоршаған орта сапасын бақылау;

Білім беру (педагогикалық) – оқу процессін ұйымдастыру және жүргізу.

 

-Ғылыми-зерттеу, жобалық ұйымдары;

-Ерекше қорғалатын табиғи территориялар;

-Өнеркәсіп, транспорт, құрылыс мекемелер;

-Мемлекеттік емес экономикалық бірлестіктер;

-Экологиялық қауіпсіздікте бақылау және басқару жүргізетін органдары;

-Барлық деңгейдегі білім ошақтары;

-Бақылау-аналитикалық қызметтің мекемелері; стандарттау және сертификаттау орталықтары; 

- Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары.

 

- ұйымдастыру-технологиялық;

- басқару;

- ғылыми-зерттеу;

- білім беру (педагогикалық);

- әдістемелік.

1- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4- Заманауи аналитикалық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелеріне талдау жасайды.
5- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6- Қоршаған ортадағы қауіптіліктің тәуекелдерін бағалаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, биосфераның объектілерінде биогеохимиялық айналымның, ластаушы заттардың әсерін анықтау арқылы табиғатты пайдаланудың экологиялық-экономикалық тиімділік негіздерін талдайды.
7- Ғаламдық климаттық өзгерістер жағдайында су ресурстарын халықаралық бірлесіп басқару стратегиясы талаптарына сәйкес заманауи нормативтік базаларды және экожүйелер мониторингі нәтижелерін кәсіби қызметінде қолданады
8Қоршаған орта сапасын бақылаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, табиғи ресурстарды тиімді басқару және пайдалану арқылы өнеркәсіптерден шығарылатын ластаушы заттардың әсері мен көлемін азайтуда кешенді тәсілдерді игеріп, экологиялық мәселелерді шешеді
9- Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау саласында биосферадағы экотоксиканттардың әсерін төмендетуде қажетті заманауи экологиялық әдістер мен тиімді техника және технологияларды бағалайды
10Экологиялық сараптама әдістерін пайдалана отырып табиғи ресурстарды және биоәртүрлілікті сақтау мен қалпына келтірудің негізгі стратегияларына сәйкес өндірістік және экологиялық қауіпсіздігін басқаруды меңгереді
11Қоршаған ортаның компоненттерін, оның ішінде су ресурстарын қорғау жөніндегі міндеттерді шешуде экологиялық токсиканттардан қорғау шараларының тиімділігін бағалап, табиғи ресурстарды жер қойнауын пайдалануды экономикалық ынталандыру әдістерін қолданады
12-Атмосфералық ауаның физикалық-химиялық процестерінің негізгі параметрлерін және қоршаған ортаны қорғауды, атмосфераның, гидросфераның, литосфераның құрамын талдай отырып, өндірістік технологияларды меңгеру және қалдықтарды кәдеге жарату әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдай отырып негіздейді
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AP 5309 Атмосфера ауасын қорғау Қазақ тілі 5 1 2 -
BOE 5211 Қоршаған ортаның биогеохимиясы Қазақ тілі 5 1 2 -
EAEBONRM 5213 Табиғатты пайдаланудың экологиялық – экономикалық негіздері Қазақ тілі 5 1 2 -
ECBD 5312 Қоршаған орта және биологиялық әртүрлілікті сақтау Қазақ тілі 5 1 2 -
IOCCOWRC 5215 Су ресурстарының жағдайына климат өзгерістерінің әсері Қазақ тілі 5 1 2 -
IWRMICAAKATSD 5214 Орта Азия мен ҚР су ресурстарын интеграциялық басқару және тұрақты даму Қазақ тілі 5 1 2 -
MMORA 5212 Қауіптілікті бағалаудың қазіргі заманғы әдістері Қазақ тілі 5 1 2 -
MWE 5216 Су экожүйелерінің мониторингі Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ASW 5306 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 -
KOKTT 5310 Қоршаған ортаны қорғаудың техника және технологиясы Қазақ тілі 5 1 2 -
MOIES 5313 Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін басқару Қазақ тілі 5 1 2 -
SSOET 5308 Экологиялық токсикологияның таңдаулы тараулары Қазақ тілі 5 1 - 2
ЕЕ 5311 Экологиялық экспертиза Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MOQCOE 6307 Қоршаған орта сапасын бақылау әдістері Қазақ тілі 6 1 3 -
QMAPOSAG 6307 Жер беті және жер асты суларының сапасын басқару және қорғау Қазақ тілі 6 1 3 -
RUONR 6307 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қазақ тілі 6 1 3 -