Филология
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M02315 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Филология саласында іргелі теориялық-әдіснамалық базасы бар, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, халықаралық нарықта сұранысқа ие құзыретті мамандар дайындау. 

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М02315 - Филология  білім беру бағдарламасы  бойынша  филология ғылымдарының магистрі
 

Ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
 

Ғылыми-зерттеу институттары; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар; бұқаралық ақпарат құралдары: радио, телевидение, баспасөз.

Кәсіби қызметінің функциялары
7М02315  - Филология білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдары магистрінің кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:
- ғылыми-зерттеушілік;
- ғылыми-педагогикалық;
- ғылыми-ұйымдастырушылық;
- ұйымдастыру-басқарушылық; 
- редакциялық-баспа; 
- мәдени-ұйымдастырушылық;
- бұқаралық-ақпараттық қызмет; 
7М02315  - Филология білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдар магистрі кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- білім беру;
- эксперименттік зерттеу;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастыру-басқару

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6филология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданып, лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қабілетті
7Тіл мен әдебиетті зерттеудің жаңа технологияларын игеріп, тілдік жағдайды әлеуметтік-лингвистикалық жағынан талдау дағдыларын қалыптастырып, өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға қабілетті
8Филология саласында ашылып жатқан ғылымның жаңа салаларының теориялық негіздерін қалыптастырып, әдеби және фольклорлық шығармалардың поэтикалық ерекшеліктерін талдап, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті
9қазақ әдебиеті контексінде әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, жанрлық және стильдік, эстетикалық ерекшеліктерін, фольклор мен әдебиеттанудың ғылыми негіздерін саралай білуге қабілетті
10Қаламгердің жазушылық шеберлігін зерттеп, әдеби тұлғаларды талдаудағы негізгі заманауи ұстанымдарды, әртүрлі тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып, шығармалардың пішіндік, мазмұндық ерекшеліктерін ашып, әдеби-сыни жұмыстарды бағалауға қабілетті
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ABk 5304 Академиялық ғылыми жазба Қазақ тілі 5 1 2 0
ATOAT 5207 Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясы Қазақ тілі 3 1 2 0
FG 5208 Функционалды грамматика Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhT 5206 Тілдің жалпы теориясы Қазақ тілі 5 1 2 0
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдімтері Қазақ тілі 5 2 3 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZA 6307 Әдебиеттанымдық зерттеудің әдіснамасы Қазақ тілі 3 1 2 0
KLYGZA6306 Қазақ лингвистикасының ғылыми-зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0
TBFAM 6306 Тіл білімінің философиялық-әдістемелік мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ATOAT 6305 Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері Қазақ тілі 3 1 2 0
ATOAT 6309 Дәстүрлі жазба әдебиет және оның теориялық мәселелері Қазақ тілі 3 1 2 0
TPKP 6308 Қазақ өлеңінің теориялық мәселелері Қазақ тілі 3 1 2 0
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MD 7000 Магистрлік диссертация Қазақ тілі 8 0 8 0