Теология
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M02262 120 2 жыл
Білім беру бағдарламасының паспорты

Теологиялық терең білімі бар, конфессиялар мен қазіргі заманғы діни процесстерді зерттеудің ғылыми, әдістемелік және әдіснамалық құралдарын меңгерген, құзыретті және жоғары білікті кәсіби теологтарды дайындау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

7М02262   – Теология білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық  ғылымдарының  магистрі 

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеулік, педагогикалық және ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер және мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар саласында өзара іс-әрекетті қамтиды.

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет объектісі: арнаулы орта оқу орындары, діни оқу орындары және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет; оқу үдерісін ұйымдастыру, технологиялық сүйемелдеу және кеңес беру; мұражай экспонаттарын өңдеу, сипаттау және экскурсия жүргізу;  кітапханалар мен мұрағаттарда діни және теологиялық материалдар мен әдебиеттерді  жинақтау-каталогын жасау; бұқаралық ақпарат құралдарына теологиялық мәселелерінде кеңес беру, материалдарды өңдеу және ұсыну; баспаларда діни және теологиялық әдебиеттерге жалпы және ғылыми редакторлық жасау; діни бірлестіктермен мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық және діни ұйымдарға дін мәселелерінде кеңес беру, сараптама-талдаулар жасау, ақпараттарды өңдеу мен ұсыну қызметі; мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар саласында ұйымдасытру, басқару және жұмысты жүргізу; теология және пәнаралық байланыс пәдерінен оқу-әдістемелік материалдарды дайындау; теология саласында инновациялық оқыту түрлерін қолдану; ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді.

Магистратура білім беру бағдарламасының түлектерінің  кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеулік; педагогикалық және ұйымдастыру-басқарушылық.

Магистратура білім беру бағдарламасы түлектерінің  кәсіби қызметтері:

-ғылыми-зерттеулік: дін саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәселелерді анықтау мен шешуде теологиялық пәндер саласындағы кәсіби білімдерін қолдануы; мақсаттарға қарай зерттеулерде сәйкес әдістерді таңдау, қажетті тәсілдер мен жаңа әдістерді қолдану алуы; теология саласында жалпы ғылыми жобаларға қатысу және тың ғылыми бастамалар көтеруі; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау, қорыту, ғылыми есептер мен ұсыныстар жасау; теология мәселелерінде ғылыми семинарлар, дөңгелек стөлдер, конференциялар, симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу; ғылыми жарияланымдарды әзірлеу және редакциялау;

- педагогикалық : жалпы білім беретін орта, арнаулы орта  және жоғары оқу орындарында теология және арнайы қоғамдық  пәндерді оқыту, жоғары оқу орындарында педагогикалық әдістерді және практикаларды қолдана алуы; білім беру үдересіндегі қазіргі заманғы технологияларды меңгеруі, коммуникациялық құзыреттерді игеруі, дәлелдеудің теориясы, логикасы мен практикасын меңгеруі, сонымен қатар текетірестерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуді де меңгеруі;  инновациялық педагогикалық және ғылыми қызметінде біліктілігін көтеруге және қайта білімін жетілдіріуге дайындығы;  білім алушылардың аудиториядан тыс уақытта да ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;білімді бақылау мен бағалаудың озық технологияларын қолдану;

- ұйымдастыру-басқарушылық: ғылыми, оқу және өндірістік жұмыстарды  ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелерде ұйымдастыру мен басқару; дін саласындағы өндірістік жұмыстарды  мемлекеттік және құқықтық  мекемелерде ұйымдастыру мен басқару; дін саласындағы өндірістік жұмыстарды  діни және қоғамдық  мекемелерде  ұйымдастыру мен басқару;

1Дін, ғылым және философия салаларындағы білімін теологиялық мәселелерді шешуде пайдаланады
2Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгеріп, теологиялық бағыттағы шетелдік дереккөздерді, материалдарды еркін талдайды
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
4Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
6Түркілік-мұсылмандық өркениеттің тарихын, әдіснамасы мен философиясын меңгеріп, кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады
7Теологиялық мәтіндер мен мәселелерге заманауи әдістерді қолдана отырып талдау жасайды
8Мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы діни-құқықтық, толеранттылық шарттары мен зайырлылық ұстанымдарын сақтап, конструкциялық диалог ауқымындағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен қолданады
9Теология саласындағы діни ілімдер және жаңадан пайда болған түрлі ағымдардың тәжірибелері мен ұстанымдарын зерттеп, қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерге сараптама жасайды
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AFMDMK 5319 Әл-Фараби мұрасында дін және мемлекет қатынасы Қазақ тілі 5 1 2 -
HTY 6321 хадистерді сыни талдау Түрікше 5 1 2 0
IKKM 5211 Ислам құқығының қазіргі мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 -
ITKM 5213 Ислам теологиясының қазіргі мәселелері Қазақ тілі 5 1 3 -
KSG 5213 Құран семантикасы мен герменевтикасы Түрікше 5 1 2 0
ZKA 5302 Зерттеулердің қолданбалы әдістері Түрікше 5 1 2 -
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HTKM 5319 Христиан теологиясының қазіргі мәселелері Қазақ тілі 5 1 2 -
KT 5319 Салыстырмалы теология Қазақ тілі 5 1 2 -
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IST 6322 Киелі мәтіндер интерпретациясы Қазақ тілі 5 1 2 -
TMS 6320 Теологияның әдіснамалық проблемалары Қазақ тілі 5 1 2 -