| 1 | Дін, ғылым және философия салаларындағы білімін теологиялық мәселелерді шешуде пайдаланады |
| 2 | Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгеріп, теологиялық бағыттағы шетелдік дереккөздерді, материалдарды еркін талдайды |
| 3 | Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады |
| 4 | Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады |
| 5 | Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды |
| 6 | Түркілік-мұсылмандық өркениеттің тарихын, әдіснамасы мен философиясын меңгеріп, кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады |
| 7 | Теологиялық мәтіндер мен мәселелерге заманауи әдістерді қолдана отырып талдау жасайды |
| 8 | Мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы діни-құқықтық, толеранттылық шарттары мен зайырлылық ұстанымдарын сақтап, конструкциялық диалог ауқымындағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен қолданады |
| 9 | Теология саласындағы діни ілімдер және жаңадан пайда болған түрлі ағымдардың тәжірибелері мен ұстанымдарын зерттеп, қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерге сараптама жасайды |