Экономика бакалавриат бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B04142 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Инновациялық идеяларды табысты іске асыратын жасампаз, бизнес – көшбасшыларды, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын бәсекеге қабілетті бакалавр-экономистті даярлау.

Білім беру бағдарламасының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ғылыми және практикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципіне негізделген.      Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық сапасын бағалауды реттейді және студенттерді оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізеді. Білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.

«6В04142-Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша Экономика бакалавры

Кәсіптік қызмет саласы меншік нысанына қарамастан экономиканың әртүрлі секторлары болып табылады: кәсіпорындар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдары.

- бизнес құрылымдары;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар;

- меншіктің әртүрлі нысандарындағы ұйымдар мен фирмалар;

- мемлекеттік басқару органдары;

- қаржы ұйымдары;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары;

- бақылау-талдау қызметінің мекемелері;

- стандарттау және сертификаттау орталықтары;

- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

Кәсіби қызметінің функциялары:

  • ұлттық экономика салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  • барлық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізу, оның ішінде: жоспарлау, болжау, шығындарды және материалдық-техникалық жабдықтауды, логистиканы, өткізуді басқару;
  • өндірістік бағдарламаларды, жобаларды, кәсіпорынның даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру;
  • жұмыс күшін ұстауға арналған шығындарды жоспарлау, еңбекті ұйымдастыру және нормалау бойынша талдамалық есептеулер жүргізу, жалақыны есептеу әдістемесін жетілдіру және еңбекке ақы төлеу қорын бөлу;
  • негізгі құралдар, қорларды басқару, шығындарды басқару; кәсіпорынның экономикалық тиімділігін анықтау бойынша үлгілік әдістемелер мен қолданыстағы нормативтік-құқықтық база негізінде талдамалық есептеулер жүргізу;
  • материалдық және материалдық емес өндіріс саласында экономикалық негіздеме және инновацияларды енгізу;
  • экономикалық-ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтің барлық түрлерін бақылауды жүзеге асыру;
  • экономика және кәсіпкерлік саласындағы оқу және ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау;
  • кәсіби және жеке өсу үшін өзін-өзі талдау және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын меңгеру.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • шаруашылық-қаржылық, коммерциялық және өндірістік қызметтің бастапқы деректерін дайындау; мақсаттарды, міндеттерді айқындау;
  • ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметі мен әлеуметтік дамуының перспективалық және жылдық жоспарларын дайындау;
  • кәсіпорынның нақты қызмет саласын басқару жөніндегі қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру және оның нарықтық стратегиясын қалыптастыру;
  • түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы салалық және өңірлік нарықтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуін зерттеу;
  • ұлттық экономика салаларының дамуын жоспарлауды, болжауды ұйымдастыру;

мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейлердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу.

1- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1).
2- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2).
3- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3).
4- кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды (ОН4).
5- аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, шаруашылық-қаржылық, коммерциялық және өндірістік қызметтің бастапқы деректерін жүйелейді (ОН5).
6- ұлттық экономика деңгейінде проблемалық жағдайларды анықтап, экономиканың нақты секторындағы талдаудың практикалық дағдыларын меңгереді (ОН6).
7- экономика субъектілерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің, микро- және макроэкономикалық көрсетіштерінің өсуін талдап, бағалайды (ОН7).
8- шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік тәуекелдерін және қаржылық тұрақтылығын анықтап, нарықтық стратегиясын жоспарлайды (ОН8).
9- мемлекеттік даму бағдарламалары негізінде инновациялық-инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын құрастырады (ОН9).
10- сыртқы және ішкі ортаның әсерін ескере отырып, өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастырады (ОН 10)
11- жаһандық экономиканың, өңірлердің дамуын және жаңа технологияларды қолдануды ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын әзірлейді (11).
12- экономикалық талдауды пайдаланып, ғылыми-зерттеу жұмысындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізеді (ОН12).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EIT 1266 Экономикалық ілімдер тарихы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 3 1 1 0
ET 1284 Экономикалық теория Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AZhK 1247 Академиялық жазбаға кіріспе Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 3 1 1 0
Mik 1285 Микроэкономика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ID 2264 Икемді дағдылар Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 3 1 2 0
Mak 2286 Макроэкономика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
Mar 2288 Маркетинг Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EKBN 2172 Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері Қазақ тілі 5 1 2 0
KE 2290 Кәсіпорын экономикасы Қазақ тілі 4 1 1 0
KS 2290 Қаржылық сауаттылық Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
Sta 2287 Статистика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 3 1 2 0
КТ 2103 Көшбасшылық теориясы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
V. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AATD 32106 Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
AE 3294 Аймақтық экономика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
ET 3302 Экономикалық талдау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
EZhB 3392 Экономикалық жоспарлау және болжау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
KKUZh33102 Кәсіпорын қызметін ұйымдастыру және жоспарлау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
KTPP 3292 Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика Қазақ тілі 5 1 1 0
TPE 3395 Табиғатты пайдалану экономикасы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
ZhE 33101 Жасыл экономика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
ЕS 3291 Экономикалық саясат Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
VI. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BZh 3394 Бизнес жоспарлау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
EE3397 Еңбек экономикасы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
ENHZhK 3396 Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
EO 3388 Экономикалық өсу Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
EZhP 3295 Экономикадағы жаһандану процестері Қазақ тілі 6 2 2 0
HE 3296 Халықаралық экономика Қазақ тілі 6 2 2 0
IZh3299 Инвестициялық жобалау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
MIS 32107 Мемлекеттің инвестициялық саясаты Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
SHBE 33103 Шағын бизнес экономикасы Қазақ тілі 5 1 2 0
VII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AN4399 Агробизнес негіздері Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
BB 42103 Бизнесті бағалау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
IE 42105 Инновациялық экономика Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
KBK 42101 Қазіргі бизнес-коммуникация Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
KSHKTD 42104 Қаржы-шаруашылық қызметті талдау және диагностикалау Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
OE 4389 Өнеркәсіп экономикасы Қазақ тілі 5 1 2 0
OU 4390 Өндірісті ұйымдастыру Қазақ тілі 5 1 1 0
TKN 42108 Технологияларды коммерцияландыру негіздері Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
VIII. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AKE 4398 Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
AOKE 42102 Ақпараттық өнімдер мен қызметтер экономикасы Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 5 1 2 0
KIK 4391 Кәсіпорынның инвестициялық қызметі Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 6 1 2 0
UEOM 4297 Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі 6 1 2 0
КЕ4298 Қазақстан экономикасы Қазақ тілі 6 2 2 0