Экономика бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
EZhP 3295 Экономикадағы жаһандану процестері Үшінші курс 6 180 2 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Қалтаева Сауле

Пән жаһандық еңбек бөлінісінің мәні және экономиканың жаһандануы мен интернационализациясы аясында болып жатқан күрделі процестердегі экономика мен саясаттың үздіксіздігі тұрғысынан оны тереңдету бағыттары туралы тұтас түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы Қазақстанның жаһандық экономикадағы рөлі мен орнын анықтайды, әлемдік қоғамдастық елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдайды, әлемдік экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен перспективаларын тұжырымдауға үйренеді.

Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері

Макроэкономика

Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, блиц-сұрақтар, шығармашылық оқыту әдісі, мәселе шешуге бағытталған эссе, проблемалық оқыту әдісі, миға шабуыл.

1ПОН 1- жаһандық экономиканың негіздерін және экономика субъектілерінің жұмыс істеу заңдылықтарын біледі.
2жаһандық экономикалық проблемаларды экономикалық тұрғыдан сипаттап, шешімін баяндайды
3әлемдік деңгейдегі экономикалық құбылыстарды, процестер мен институттарды өзара байланыста талдайды.
4жаһандық деңгейде экономика салаларының арнайы мәселелерінің ерекшеліктерін және экономикалық құбылыстарды зерттеу әдіснамасын біледі;
5әлемдік деңгейде экономикалық үдерістер мен құбылыстарды сипаттайтын әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштерді есептейді.
6жаһандық экономиканы дамытудың негізгі үрдістері мен перспективаларын болжайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Әлемдік экономика: түсінігі, субъектілері, қатынастарыАуызша
2Жаһандық экономика түсінігі, тенденциялары мен кезеңдеріАуызша
3Әлемдік және жаһандық экономиканың заманауи теориялары мен тұжырымдамаларыАуызша және жазбаша
4Әлемдік экономикалық жүйенің даму әлеуетіАуызша
5Әлемнің дамыған елдерінің сипаттамасыАуызша және жазбаша
6Өтпелі экономикасы бар елдердің даму ерекшеліктеріАуызша және жазбаша
7Дамушы елдер спецификасы: жаңа индустриалды елдерАуызша және жазбаша
8Экономикалық жаһанданудың қалыптасуы мен дамуы жағдайындағы жаһандық еңбек бөлінісіАуызша және жазбаша
9Постиндустриализация қазіргі әлемдік экономиканың негізгі тенденциясы ретіндеАуызша және жазбаша
10Өндірістік және қаржылық қызметті интернационалдандыру және жаһандануАуызша және жазбаша
11Әлемдік экономиканың жаһандық проблемалары және оларды бірлесіп шешу бағыттарыЖазбаша
12Өндірістің халықаралық кооперациясы: мәні, алғышарттары, ұйымдастырушылық формалары, бағыттары, тереңдеуіЖазбаша
13Қазақстанның жаһандық экономикада алатын орны мен еңбек бөлінісіне қатысуыСұрақ-жауап
14Халықаралық экономикалық интеграцияның нысандарыСұрақ-жауап
15Халықаралық мамандану: мәні, алғышарттары, бағыттары, тереңдеуіСұрақ-жауап
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Хилл Ч., Халт Т. Халықаралық бизнес: жаһандық нарықтағы бәсеке. Оқулық - 12-бас. Алматы 2019.
2В.Ю.Додонов Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастығы: үрдістер, факторлар, перспективалар. / В. Ю. Додонов . - Нұр-Сұлтан : ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2019. - 208 с
3Казамбаева А.М.Халықаралық экономика : ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. . - Орал: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, 2019. - 132 б.
4Наренова А.Н.Халықаралық экономика : Оқу құралы. . - Тараз: ТарМУ, 2017. - 127 б.