Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B01485 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

    Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық мұғалімінің теориялық және әдістемелік білімдерін меңгерген, оларды кәсіби міндеттерін шешуде қолдана білетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру.       

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«6B01485 – Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

6B01485 – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.

-  жалпы  білім  беретін  мектептер,  техникалық  жəне кəсіптік білім беретін оқу орындары;

- білім басқармалары (департаменттері);

Функциялары:

-білім беру ұйымдарында дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кәсіби қызмет нысанына сәйкес оқыту;

-қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы дене шынықтыру және әсери-патриоттық тәрбие қызметтерін жүзеге асыру; Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу болып табылады.

Түрлері:

-білімділік;

-ұйымдастыру-басқару;

-әлеуметтік-педагогикалық;

-әскери-патриоттық;

-оқу-тәрбиелік;

-оқу-технологиялық болып табылады.

1- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады (ОН1).
2- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2).
3- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3).
4- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды (ОН4).
5- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады (ОН5).
6- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті (ОН6).
7- дене шынықтыру және әскери білім қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады (ОН7);
8- оқу-тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін қолданып, дене шынықтыру және әскери-патриотық жұмыстарды ұйымдастырады (ОН8);
9- оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолданады және сабақ өткізеді (ОН9);
10- дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пәндерінен оқушыларды оқыту және дамыту бағдарламаларын, әдістемесін әзірлейді (ОН10);
11- білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықты оқытудың жоспарларын жасайды (ОН11);
12- ғылыми- педагогикалық зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгере отырып, зерттеу жұмыстарын қорытындылайды (ОН12);
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DSh 1(2)110 Дене шынықтыру Қазақ тілі 2 - 1 2
KKZhZh 1253 ҚР ҚК-нің жалпы әскери жарғылары Қазақ тілі 5 1 2 5
MK 1236 Мамандыққа кіріспе Қазақ тілі 5 1 1 4
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DSh 1(2)110 Дене шынықтыру Қазақ тілі 2 - 1 2
SD 1238 Саптық дайындық Қазақ тілі 5 1 2 5
IV. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DTSG 2240 Дене тәрбиесі және спорт гигиенасы Қазақ тілі 5 1 2 5