Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
TG 3305 | Тарихи грамматика | Үшінші курс | 3 | 90 | 1 | 2 | 0 |
Пәнді оқыту мақсаты оқытудың келесі нәтижелеріне қол жеткізу болып табылады: - қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту. Курс қазақ тілінің тарихы фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тілдік бірліктердің тарихы тұрғысынан қарастырылады. Тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын ғылыми тұрғыда түсіне білу дәрежесіне жетіп педагогикалық тәжірибесінде үйлестіреді. Заманауи ақпараттық технологияларды білім алуда қолдана алады. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінен өзіндік жұмыстар орындау барысында кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды біледі
Тіл білімі ғылымына кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің ғылыми фонетикасы , Қазіргі қазақ тілінің ғылыми сөзжасамы
Топпен жұмыс, work in pair, learning and study, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау, джигсо әдісі, креативтілік оқыту әдістері
1 | 1. Тіл тарихы. Оқулық. 2019 . Янсон Торе |
2 | 2. Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері. Оқулық. 2015. Ж.Түймебаев, М.Ескеева |
3 | 3. Қазақ және түрік тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалы грамматикасы. Монография. 2016. Ж.Түймебаев, Г.Сағидолла |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Пәннің мақсаты мен міндеті. Тілдің тарихи дамуын зерттеу көздері. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер | Ауызша |
2 | Қазақ лексикасының көнетүркілік негізі. Сөз мағынасындағы тарихи өзгерістер. Лексикалық сөз тудыру жолдары | Ауызша |
3 | Дауысты дыбыстар жүйесі. Жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер | Сөздік |
4 | Ескітүркілік дауыссыздар жүйесінің қалыптасуы. Жеке дауыссыздар тарихы | Ауызша |
5 | Сингармонизм түрлері. Көнетүркілік дыбыстық өзгерістер | Ауызша |
6 | Тарихи морфология. Сөз түбірінің дамуы. Қосымшалардың арғы негізі. Сөз жасаудың қалыптасқан тәсілдері | Сөздік |
7 | Сөз таптарының шығуы мен қалыптасуы. Есім сөз таптарының дамуы. Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар | Сөздік |
8 | Жалғау категориясының тарихи дамуы | Ауызша |
9 | Сын есім. Сын есім шырайларының зерттелуі. Сан есім. Санақ жүйесінің түркі тілдеріндегі көрінісі. Есімдіктердің тарихи қалыптасуы | Ауызша |
10 | Етістік. Тарихи дамуы. Етістік жасайтын жұрнақтар | Сөздік |
11 | Үстеу. Үстеудің көнетүркілік негізі | Ауызша |
12 | Шылау. Шылау сөздердің тарихи дамуы | Ауызша |
13 | Одағай сөздер. Олардың тарихи қалыптасуы | Ауызша |
14 | Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері. Сөз тіркесі | Сөздік |
15 | Сөйлем құрамының дамуы. Жай және құрмалас сөйлем | Сөздік |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 |
---|
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар | ||
---|---|---|
1 | 1. Тіл тарихы. Оқулық. 2019 . Янсон Торе | |
2 | 2. Түркітанудың тарихи-лингвистикалық негіздері. Оқулық. 2015. Ж.Түймебаев, М.Ескеева | |
3 | 3. Қазақ және түрік тілдерінің салыстырмалы-сипаттамалы грамматикасы. Монография. 2016. Ж.Түймебаев, Г.Сағидолла | |
4 | 4. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінің морфологиялық жүйесі (ҮІ-ІХғғ). Монография. 2016. Ж.Түймебаев, М.Ескеева |