Математика мұғалімдерін даярлау
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
STN 32107 Сандар теориясының негіздері Үшінші курс 4 120 1 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Сарсенов Б. Омарова И.

Пән математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы екендігін түсіндіреді. Бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылады. Теңдеулерді бүтін сандармен зерттеу және шешу әдістерін меңгереді. Жай және құрама сандардың қасиеттерін, жай сандардың натурал қатарда таралу заңдылықтарын және арифметикалық прогрессияларды, натурал модуль бойынша шегерімдер класының сақина құрылымдарын және салыстыруды шешу әдістерін үйренеді.

Топпен жұмыс, проблемалық шығарма әдісі, мини зерттеулер әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі.

1- Математиканың негізгі әдістері мен заңдылықтарын қолдана отырып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шешеді (ОН9);
2- Қолданбалы практикалық есептерді шешуде, процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасайды (ОН10);
3- Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін зерттеуде теориялық және математикалық-статистикалық әдістерді қолданады (ОН11).
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Сандардың бөлінгіштігі, қасиеттері. Сандарды қалдықпен бөлу туралы теорема.Ауызша және жазбаша
2Сандардың ортақ бөлгіші, ЕҮОБ. Евклид алгоритмі. Сандардың ортақ еселігі, ЕКОЕ. Өзара жай сандар.Ауызша және жазбаша
3Жай сандар. Жай сандар жиынының шексіздігі. Бүтін санды жай сандарға жіктеу және оның жалғыздығы.Ауызша және жазбаша
4Тізбекті бөлшектер, санды тізбекті бөлшекке жіктеу. Лайықты бөлшектер. Шекті тізбекті бөлшектер.Ауызша және жазбаша
5Санды функциялар. Санның натурал бөлгіштерінің саны мен қосындысы.Ауызша және жазбаша
6Бүтін сандар сақинасындағы салыстырулар, қасиеттері. Модуль бойынша қалындылар класы. Модуль бойынша қалындылардың толық және келтірілген жүйесі.Ауызша және жазбаша
7Эйлер функциясы. Эйлер және Ферма теоремалары.Ауызша және жазбаша
8Бір белгісізді бірінші дәрежелі салыстырулар, олардың шешімі бар болу шарты. Бір белгісізді бірінші дәрежелі салыстырулардың шешу әдістері.Ауызша және жазбаша
9Бір белгісізді бірінші дәрежелі салыстырулар жүйесін шешу әдістері.Ауызша және жазбаша
10Бір белгісізді жоғары дәрежелі салыстырулар.Ауызша және жазбаша
11Екінші дәрежелі салыстырулар.Ауызша және жазбаша
12Лежандр және Якоби символдары.Ауызша және жазбаша
13Дәрежелік қалындылар және көрсеткіштердің қасиеттері.Ауызша және жазбаша
14Дәрежелік қалындылардың қолданылуы.Ауызша және жазбаша
15Анықталмаған теңдеулерді шешу.Ауызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ситников В.М.Теория чисел. Учебное пособие. Челябинск, 2014г.
2Сарсенов Б.Т. Теория чисел. Учебно методическое пособие. - Туркестан, 2018ж.
3Жоғары математика-1: Оқулық.-3 кітапта. 1-кітап. 7 бас.,өңд.,толықт. / Е. Ж. Айдос. - Алматы : Бастау, 2016. - 328 с.
4Көрнекі математикалық талдау. Оқу-әдістемелік құрал. 2019ж. Қанғожин Б.Е.