Автоматтандыру және басқару
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
OSITVT 4236 Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасы төртінші курс 5 150 1 2 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Қасымбеков А.С.

Пәннің мақсаты мәліметтер базасын құру принциптерін, мәліметтер моделін құру принциптерін зерттейді, нәтижесінде мәліметтермен манипуляциялау әдістерін, іздеуді және деректерді өңдеу жүйелерін бақылайды. Мәліметтерді сипаттауға және манипуляциялауға арналған тілдік құралдар, қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйелеріндегі деректер модельдері, мәліметтер базасын жобалау негіздері, жүйелік талаптарды талдау, мәліметтер базасын құру құралдары, қосымшалар жасау, транзакцияны басқару, мәліметтер қорының жұмысын бақылайды.

Технологиялық процестерді модельдеу, Бағдарламаланатын логикалық контроллерлер, Дипломдық жобаны жазу және қорғау (кешенді емтихан тапсыру);

Жасанды интеллект жүйелері, Автоматты жобалау жүйесінің негіздері, Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер;

Топпен жұмыс, "ми" шабуылы, баяндау, дамыта және креативтік оқыту әдістері.

1Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасын қолданып, автоматты басқару жүйелерінің қондырғыларын таңдау және зерттеу үшін техникалық есептеулерді ұйымдастырады.
2Электр қондырғыларын автоматтандыру және қорғау әдістерін қолданып, автоматты басқару жүйелерінің қондырғыларын таңдау және зерттеу үшін техникалық есептеулерді орындайды.
3Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасын қолданып, өндірістің технологиялық негіздерін ескере отырып, техникалық құралдарын, автоматтандыру, бақылау және диагностика жүйелерін жобалауды ұйымдастырады.
4Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасын қолданып, өндірістің технологиялық негіздерін ескере отырып, техникалық құралдарын, автоматтандыру, бақылау және диагностика жүйелерін жобалайды.
5Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасын қолданып, автоматтандырылған басқару жүйелерін, технологиялық процестер мен өндірістерді жүйелі талдап, құрылғылар мен тораптардың жұмысын бақылауды ұйымдастырады.
6Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық мәліметтер базасын қолданып, автоматтандырылған басқару жүйелерін, технологиялық процестер мен өндірістерді жүйелі талдап, құрылғылар мен тораптардың жұмысын бақылайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Ретроспективалық шолу, заманауи проблемалары, даму перспективалары. МБ теориясының негіздері. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Деректер модельдері: иерархиялық, желілік, реляциялық. Деректерді ұйымдастыру тәсілдерін дамыту.
2МБақпараттық жүйелердің негізі ретінде. МБ анықтамасы, мақсаты, мысалдары. Қолмен және компьютерлік МБ, салыстырмалы талдау. МБ қасиеттері мәліметтер базасына қойылатын талаптар. Компьютерлік МБ түрлері. МБ архитектурасы үш деңгейі, администраторы. Утилиталар.
3Деректердің ақпараттық моделі және құрылымы. Деректердің тұжырымдамалық, логикалық физикалық модельдері. Логикалық модельдердің түрлері: реляциялық модель, иерархиялық модель, желілік модель. Реттілікті, тікелей, индексті-реттілікке қол жеткізу әдістері. Деректерге қол жеткізудің навигациялық және реляциялық тәсілдері.
4Ақпараттық модель құру және мәндерді анықтау. Мәндер арасындағы қатынастарды анықтау. Кілтті орнату. Модельді қалыпты форманың қажетті деңгейіне келтіру. Модельдің физикалық сипаттамасы. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ), негізгі функциялары мен мүмкіндіктері. Қазіргі заманғы МББЖ шолу, талдау және қолдануға көшу себептері.
5Реляциялық мәліметтер базасының негізгі элементтері. Негізгі түрлері, айнымалылар, өрістер, типтердің үйлесімділігі. Деректерді сақтау және кесте құрылымы. Өрістер, жазбалар. Кілт ұғымы, бастапқы кілтті пайдалануға қажеттілік. Генератордың түсінігі және қолданылуы. Индекстерді қолдану мақсаты, құрылымы, артықшылықғы. Анықтамалық тұтастықтың бұзылуына әкелетін оқиғалар. Шектеу түрлері. Көріністерді тағайындау және пайдалану.
6Реляциялық мәліметтер базасының негізгі объектілері және оларды құру ережелері. МБ-ны қалыпқа келтіру және бағдарламалық қамтамас. Реляциялық мәліметтер базасының негізгі объектілері. Кестелер, пішіндер, сұраныстар жасау. Есеп ұғымы және пайдалану қажеттілігі.
7МБ жобалау. Деректердің постреляциялық модельдері. МББЖ жіктелуі және салыстырмалы сипаттамасы. МББЖ негізгі түсініктері. МБ ұйымдастыру мысалдары. Реляциялық МБ теориясындағы функционалдық тәуелділіктер.
8Қалыпқа келтіру, қалыпты форма ұғымы. Атрибуттар мен кілттер. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру, деңгейлері. Реляциялық алгебраға кіріспе. Реляциялық есептеу негіздері. Реляциялық алгебра. МБ жобалау.
9MySQL МББЖ SQL сұрауларын ұйымдастыру. Деректерді сұрыптау, іздеу және сүзу (іріктеу), МББЖ сұраныстарын құру. MySQL МББЖ жалпы сипаттамасы, негізгі компоненттері, қолдану шектеулері. Деректерді манипуляциялау принциптері мен әдістері, Деректерді сақтау, қосу, өңдеу және жою, деректер жиынтығы бойынша навигация жүргізу.
10Кесте МБ негізі ретінде. Деректер түрлері. Бастапқы кілтті анықтау. 'Шебер' және 'Конструктор' режимінде кестелер құру. Кестелерді өзгерту және өңдеу әдістері. Деректер схемасы. 'Пішін' интерфейстің негізі ретінде. Нысанның мақсаты, түрлері, мүмкіндіктері, режимдері, басқару элементтері. Күрделі пішіндерді әзірлеу, пішіндерді күйіне келтіру. Сүзгілер мен сұраныстар. Сұраныс-іріктеу. Сұраныс-әрекет. SQL сұранысы.
11MySQL нысандарын импорттау, экспорттау және қосу. Дизайнның негізгі принциптері. Макростар, модульдер. МБ қосымшаларын жобалау кезеңдері. MySQL ДҚБЖ қолдану салалары. МБ әртүрлі қызмет салаларында қолдану.
12МББЖ интерфейсін ұйымдастыру. МББЖ мақсаты, негізгі мүмкіндіктері, қолдану салалары. Сипаттамасы, құру және басқа МББЖ-мен салыстыру. Орнату және күйіне келтіру әдістері. МБ логикалық және физикалық құрылымы. Белгілі бір операциялық жүйелерді күйіне келтіру және ерекшеліктері. Деректердің дәйектілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету.
13Интерфейс, қосымшалар құру. MySQL МБ қосылу және SQL сұраныстарды орындау. Кестені құру, жою. Деректерді іріктеу, өзгерту, енгізу сұраныстары. МБ құрылымын өзгерту. Деректерге қол жеткізуде пайдаланылатын кластар. ATL арқылы МБ қол жеткізу механизмі. МБ, МББЖ даму перспективалары.
14Автоматтандыру жүйелеріне арналған технологиялық МБ. Процестер мен жабдықтарды басқару, технологиялық процестерді бақылау, мониторинг жүргізу. Датчик, контроллер және т.б. құрылғылардан деректерді жинау, сақтау, өңдеу және талдау. Жабдықтар мен технологиялық процестердің оңтайлы жұмыс режимдері. Автоматтандыру жүйелері параметрлерін және күйге келтіруді басқару. Компоненттер арасындағы өзара әрекеттесу. Оқиғалар, қателер және апаттар туралы ақпараттарды сақтау.
15Әр түрлі платформалардағы технологиялық МБ: өнеркәсіптік МҚБЖ (Oracle, SQL Server, Siemens SQL), NoSQL, мамандандырылған SCADA жүйелері (Wonderware, Siemens WinCC, Citect) және ашық шешімдер (OPC Unified Architecture, Modbus TCP, DNP3). Платформа таңдау. Серверлерді резервтеу, кластерлеу, деректерді көшіру, шифрлау. Жүйелерді автоматтандыруға арналған заманауи МБ: PostgreSQL, Redis, Apache Cassandra және т. б.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. «Базы данных». Учебник для вузов. – М.: Корона-Принт, 2014. - 736 c.;
2Крикунов М.М. Основы баз данных: учебное пособие /, А.Н. Поручиков. – Самара: Издательство Самарского университета, 2021. – 84 с.
3Бычков А. Г. Теория баз данных. Конспект лекций для студентов специальности: «5B060200 –Информатика». - Алматы: АУЭС, 2014. - 57 с.;
4Зәуірбеков Н.С., Сәрсенбай А.С., Мәнжу М. Д. Мәліметтер қорын жобалау: оқу құралы. Алматы: Экономика, 2014. -228 бет;
5Смайлова Ұ.М. Деректер базасын жобалау және қолдану: ERWIN, INTERBASE / FIREBIRD, DELPHI: оқу құралы. - 2-ші толық. бас. -Алматы: Асыл кітап, 2015. - 286 бет;