Математика (Жаратылыстану ғылымдары)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
МТ 2286 Математикалық талдау ІІ Екінші курс 6 180 1 3
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі
Б.Х.Турметов

Пәнді оқып -үйрену арқылы білім алушылар бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулерін, интегралдар теориясының геометрияда, физикада, механикада, экономикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Математикалық талдау мен басқа математикалық пәндерді одан әрі зерттеу үшін әртүрлі функцияларды саралау әдістерін игереді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды бейнелейтін есептер мен жаттығуларды шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білуге машықтанады

Топпен жұмыс, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау креативтілік оқыту әдістері , Топпен жұмыс, бұлттық технология, IT әдісі, Case-study әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық шығарма әдісі, Модульдік оқыту технологиясы.

1-Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін шешу үшін математиканың ережелерін, заңдары мен әдістерін қолданады (ОН5);
2-Іргелі математикадан алған теориялық білімдерін математиканың әртүрлі салаларындағы процестер мен құбылыстарды сипаттауда қолданады (ОН6)
3-Іргелі және қолданбалы есептерді шешуде математиканың классикалық әдістерін қолданады. (ОН7);
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Алғашқы функция ұғымы. Анықталмаған интеграл ұғымы. Анықталмаған интегралдың қасиеттері. Анықталмаған интегралдардың негізгілерінің таблицасы. Бөліктеп интегралдау және айнымалыны ауыстыру.презентация
2Рационалдық бөлшектерді интегралдау Остроградский әдісіпрезентация
3Иррационалдық, диффернциалдық биномдарды интегралдау.презентация
4Тригонометриялық және трансценденттік функцияларды интегралдау.презентация
5Анықталған интеграл ұғымын туғызатын есептер.Интегралдық қосындының шегі. Жоғарғы және төменгі интегралдық Дарбу қосындылары және олардың қасиеттері.презентация
6Интегралданудың қажетті және жеткілікті шарттары. Интегралданатын функциялардың кластары.презентация
7Анықталған интегралдың қасиеттері. Орта мән туралы теоремалар.презентация
8Жоғарғы шегі айнымалы болатын анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы.презентация
9Анықталған интегралды есептеу әдістері. (айнымалыны ауыстыру, бөліктеу)презентация
10Анықталған интегралдарды жуықтап есептеу. Декарттық координаталар системасында жазық фигуралардың ауданын есептеу. Полярлық координаталар системасындағы жазық фигуралардың ауданын есептеп табу.презентация
11Доғаның ұзындығы мен дифференциалы. Көлемдерді есептеу.Жазбаша
12Айналу бетінің ауданы Ауырлық центрі. Инерциялық момент.Жазбаша
13Шектері ақырсыз болып келген меншіксіз интегралдар.Жазбаша
14Абсолютті жинақты меншіксіз интегралдарпрезентация
15Шенелмеген функциялардың интегралдарыпрезентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Х.И. Ибрашев, Ш.Т. Еркеғұлов. Математикалық анализ курсы. Оқулық. - Новое изд. – Алматы. Экономика, 2014. 562б РМЭБ.
22. Ә.Ж. Әсібеков, М.Д.Қошанова. Математикалық талдау: Оқу құралы. 2018ж.
33. О. А. Жәутіков. Математикалық анализ курсы. Оқулық.- Алматы : 'Экономика' баспасы, 2014. - 832 с. РМЭБ.
4Б.Т. Қалымбетов Көп айнымалы функциялар. «Математикалық талдау» курсы бойынша оқу- әдістемелік құрал. Түркістан, 2015.
5В.А.Мамаева. Математикалық талдаудан тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2-бөлім. Оқу-әдістемелік құрал. 2017ж