Қаржы бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
Men 12107 Менеджмент Бірінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Түрікше, Қазақ тілі
Б.Кенешбаев

Пән білімгерлерді менеджменттің ерекшеліктерін, технологиялық тәсілге негізделген ұйымдастырушылық жүйесін, ұйым қызметінің әртүрлі аспектілеріндегі басқаруға байланысты практикалық мәселелерін шешуге үйретеді. Пәнді оқу барысында білімгерлер ұйым туралы түсініктерін, оның түрлерін, ұйымның ішкі және сыртқы орталарын талдау дағдыларын қалыптастырады. Сондай-ақ қазіргі заманғы ұйым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуді үйренеді.

Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, проблемалық шығарма әдісі.

1мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады, басқару еңбегінің мәні, басқарудың әдістері, қағидалары, қызметтері, басқару стильдері және кәсіпорын қызметінің жеке сфераларындағы басқару ерекшеліктері жөнінде түсініктерін біледі
2жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді, басқарушылық процестердің, негізгі ұйымдық құрылымдардың, менеджердің атқаратын міндеттері мен жұмыс стилінің табиғатын біледі
3барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады, болашақ мамандар жағдайлық және жүйелік ойлануын қалыптастыру және дамыту бойынша дағдыланады.
4әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды кәсіби тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстыра алады, өзінің көзқарасын идеялар мен тәжірибе негізінде, басқарушылық шешімдерді қабылдау технологиясын игереді.
5байланыстырушы үдерістерді, топтық динамиканы және көшбасшылық стильдерін біледі
6жоғары деңгейде дәйектейді, ғылымда өзіндік дербестік танытады, отандық және шетелдік менеджменттінің озық тәжірибесін дағдыланады.
7кәсіпорынның қызмет етуіне сыртқы ортаның әсерін бағалау, ұйым қызметіне қойылған талаптарға және болашақта мүмкін болатын өзгерістерге сүйене отырып дұрыс қорытынды жасап, бірнеше баламалар ішінен тиімді шешім қабылдауға икемділік көрсетеді.
8ақпаратты талдау және алынған мәліметтерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану, ұйым ресурстарын, яғни еңбек, қаражат, материалдық және т.б. тиімді басқару үшін оларға деген қажеттіліктің қанша екендігін бағалап, оны талдайды.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
2Менеджмент ғылымының эволюциясы
3Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
4Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
5Ұйымның этикасы мен әлеуметтік жауапкершілігін басқару
6Басқарудағы коммуникация
7Менеджменттегі басқарушылық шешімдер
8Менеджменттегі жоспарлау
9Ұйымдастыру менеджменттің қызметі ретінде
10Мотивация менеджменттің қызметі ретінде
11Менеджмент жүйесіндегі бақылау
12Топты басқару және тиімділік
13Басшылық: билік және ықпал ету
14Көшбасшылық: басшылық стилі
15Қайшылықтарды және өзгерістерді басқару
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Рикки У. Гриффин. Менеджмент. Алматы, 12.бас. Оқулық. 2018.
2Ерманкулова Р.И. Менеджмент ғылымына кіріспе. 2017. Оқулық.
3Теория и практика менеджмента : Учебник. / Под ред. К.Е. Кубаева; Министерство образования и науки Республики Казахстан; Казахский национальный университет им. аль-Фараби. - Издание 2-е - Алматы: Қазақ университеті, 2020. - 486 c. - ISBN 9965-12-725-5.
4Бове, Куртланд Л. Қазіргі бизнес-коммуникация [ауд. А. Қуанышбекова; жауапты шығ. М.Бисенбаева]. - 14-бас. - Алматы : 'Ұлттық аударма бюросы' ҚҚ, 2019. - 735 б.