Қаржы бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
Mar 2287 Маркетинг Екінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Түрікше, Ағылшын тілі, Қазақ тілі
Г.Момбекова

Пән аясында маркетингтің  теориялық білімін қалыптастыра және  тұтынушыға бағдарлана отырып, олардың әлеуетін тиімді пайдалану негізінде нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың  қызметінде маркетинг құралдарын тәжірибеде қолдану тәсілдерін үйрету. Пәнді оқу барысында білімгерлер  маркетингтік зерттеу құралдарын қолдану дағдыларын қалыптастырады.  Сондай-ақ маркетингтік ақпаратты жинау, өңдеу және талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, микро және макро деңгейдегі процестерін үйренеді

Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі.

1маркетингтің негізгі категорияларын тәжірибелік қызметте қолдану жөніндігі білімін көрсетеді, әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды кәсіби тұрғыда талдайды, бағалайды және салыстыра алады;
2маркетингтік ортаны талдайды және нарық сегменттерін анықтау тәсілдерін меңгереді, өзінің көзқарасын идеялар мен тәжірибе негізінде жоғары деңгейде дәйектейді;
3кәсіби қызметі барысында ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды, тексереді, маркетингтік зерттеулер жүргізеді, олардың нәтижелерін талдайды және маркетингтік шешімдер қабылдайды;
4тұтынушыларға сауалнама жүргізу дағдыларын қалыптастырады, сыртқы ортаның ұйым қызметіне әсерін бағалайды;
5өнімнің өмірлік циклын талдайды және маркетинг міндеттерін ұсынады;
6салалар бойынша маркетингтің ерекшеліктерін анықтайды, тұтынушылардың, нарықтық құрылымдардың және саланың бәсекелестік ортасының іс-әрекетін талдау жасай біледі;
7сатып алушылардың сатып алу мінез-құлқын бағалайды;
8сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру іс-шараларын әзірлеу және қолдану бойынша білімін көрсетеді;
9баға стратегиялары және баға белгілеу әдістерін қолданады;
10маркетингтік коммуникация мақсаттары қалыптастырады және құралдарын таңдайды;
11маркетингті стратегиялық және жаһандық басқару тәсілдерін меңгереді, ұйымды басқару міндеттеріне сәйкес ұйымдастырушылық-басқарушылық модельдерді құруға әрекет етеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары
2Маркетинг ортасын талдау
3Маркетингтік зерттеулер
4Тауар нарығындағы тұтынушылардың мінез-құлықтары
5Нарықты сегменттеу
6Маркетинг жүйесіндегі тауар, қызметтер және брендтер
7Маркетингтегі тауар саясаты
8Маркетингтің баға саясаты
9Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты
10Маркетинтегі коммуникациялық саясат
11Маркетинг жүйесіндегі жарнама
12Маркетингті жоспарлау және бақылау
13Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
14Тікелей, онлайн, әлеуметтік медиадағы және мобайл маркетинг
15Жаһандық маркетинг
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Маркетинг негіздері: оқулық. / Ф. Котлер, Г. Армстронг; 17-бас. - Алматы. 2019.
2Маркетингтің заманауи бағыттары. Оқу құралы А. Т. Бейжанова. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2017.
3Б.Ж.Альмухамбетова Маркетинг: Оқу-әдістемелік құрал, Түркістан: «Тұран» баспасы, 2015. -150 бет.
4Маркетинг теориясы және практикасы. Оқу құралы. А.Б.Рахимбаев. – Алматы: Нұр пресс, 2013.
5Бове, Куртланд Л. Қазіргі бизнес-коммуникация [ауд. А. Қуанышбекова; жауапты шығ. М.Бисенбаева]. - 14-бас. - Алматы : 'Ұлттық аударма бюросы' ҚҚ, 2019. - 735 б.