Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KT 2104 Қазақ (орыс)тілі В2 Бірінші курс 5 150 0 3 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Ф.ғ.к., аға оқытушы А.А.Молдашова

Қазақ тілінде A1 - қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын білім алушыларға және A2,B1,B2,C1біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.

--

--

1. Топпен жұмыс

2. Сын тұрғысынан ойлау

3. Миға шабуыл

4. Кейс-стадий

5. Дамыта оқыту әдісі

6. Постер қорғау

7. Топтық жобалық жұмыс әдісі

1Қазақ тілін үйренуде заманауи технологияларды пайдалана отырып, білім алушылар тілді меңгерудің тиімді жолдарын игереді, тақырыпқа байланысты жаттығуларды интернет-ресурстары арқылы меңгереді.
2Мемлекеттік тілдің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық нормаларын дұрыс үйренуге қалыптасады.
3Әртүрлі стильдер мен жанрлардың ауызша,жазбаша мәтіндерін тәжірибеде пайдаланады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Ғылыми-техникалық даму. Грамматика: етістік + а (-е,-й) алу+ модаль етістіктер + сұраулық шылау шақ, жақ формалары арқылы жасалуы.
2Білімді ұрпақ - ел ертеңі. Грамматика: Модаль сөздердің кейбір түрлерінің жіктелуі, септелуі (сіз бізге керексіз; қажетіме жаратамын).
3Өнертабыстағы жаңашылдық. Грамматика: Шарт мәнді сөйлемдер, олардың шақ, жақ бойынша түрленістері. етістік+-ған-да, -ген-де, -қан-да, -кен-де тіркестері арқылы жасалуы.
4Ғасырлық тұлға. Грамматика: Сөздердің синтаксистік байланысы. Шарт мәнді сөйлемнің неге десең, неге десеңіз жалғаулықтары арқылы жасалуы.
5Қазіргі медиамәдениет. Грамматика: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Шарт мәнді сөйлемнің қалау райлы етістік + еді тұлғасында қолданылуы.
6Қала мен дала тынысы. Грамматика: Жай сөйлемдердегі анықтауыштық, кеңістіктік, мезгілдік қатынастардың логикалық, мағыналық жағы.
7Ел экономикасы: ішкі және сыртқы сауда. Грамматика: Сұрау мәнді сөйлемнің болар, шығар, қайтеді сөз секілді формалармен берілуі.
8Ел болам десең... Грамматика: Бұйыру, талап ету, қалау, өтініш формалары.
9Ел тыныштығын күзеткен. Грамматика: Бұйрық, нұсқау, талап ету мағынасы; предикаттық қатынас.
10Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Грамматика: Құрмалас сөйлемдердегі жалғаулықтардың мағыналық топтары.
11Жаһандану және ұлттық тәрбие. Грамматика: Қалау мәнді сөйлемнің етістік + -са(-се) игі еді,+ -са(-се) екен тіркесі арқылы жасалуы.
12Қазақ жазуының жаңа белесі. Грамматика: Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы. Ресми, саяси, танымдық салалар мен публицистикалық стильдегі жаңа әліпбидің қолданысы.
13Мамандық тілі. Грамматика: Ойды жеткізудің дәнекерлеуші тілдік құралдары (сонымен байланысты, соған қарамастан, бірақ, дегенмен, соның нәтижесінде, ойды қорытындылай келе).
14Кәсіби сөйлеу мәдениеті. Грамматика: Кәсіби терминдер, ғылыми стиль ерекшеліктері. Бейнелі сөз орамдары қолданылатын тіл мәдениетінің кәсіби сала бірліктері.
15Іскери қарым-қатынас. Грамматика: Кәсіби саладағы ресми-іскери, мамандық пен қызметке қатысты тілдік оралымдар.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ақымбек С. Қазақ тілі. Жетік деңгей, Оқу құралы, Алматы, 2015ж.
2А.К.Балабеков, А.Т.Бозбаева-Хунг, Г.Қ. Досмамбетова,Б.О.Салықова, Ә.Ж.Хазимова. Қазақ тілі: Ортадан жоғары деңгейге арналған оқулық - Астана-2017ж.
3Оразымбетова Ғ.Д., Сәлім Е.Қ. Қазақ тілі (Жоғары оқу орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы). Қарағанды, 2013ж. 166 б.
4З.Күзекова,Б.Ақбұзауова. Қазақ тілі ортадан жоғары деңгей. Бірінші кезең (В2.1). Оқу құралы. Астана, 2018ж.
5Д.Сартбаева, М.Абдулханова. Қазақ тілі. (өзге тілді дәрісханада оқитын студенттер үшін) көмекші оқу құралы. Түркістан, 2018ж. 94б.