Химия-Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KK 3297 Химиялық кинетика Үшінші курс 5 150 1 - 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Абжалов Бағдат Садықұлы

Пән химиялық реакциялардың  жүру заңдылықтарын, гомогенді және гетерогенді катализдің механизмдерін оқытады. Білімгер өндірістік процестерде химиялық реакциялардың рөлін айқындайды, химиялық кинетика мен катализдің теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізіп, реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, қысымның, катализатордың әсерін анықтайды. Қарапайым  және күрделі реакциялардың механизмдері және оған әсер етуші факторлары бойынша реакция жылдамдығын есептеу дағдыларын қалыптастырады

-

-

 

Сыни ойлау

Топпен жұмыс

1Білімгерлерге химиялық кинетика ғылымы, қазіргі таңдағы маңызы туралы түсіндіреді.
2Химиялық кинетика пәні бойынша эксперименттік тәжірибелерді орындауда, есептеулерде химияның негізгі заңдары мен теорияларын мақсатты пайдаланады, қажетті жаңа ғылыми ақпаратты іздеуді дербес жүргізе алады.
3Химиялық кинетиканың теориялық негіздері бойынша нақты мәселені талқылайды және пәндік саланы терең игереді, заманауи зерттеулердің нәтижесін кәсіби қызметінде пайдаланады.
4Химиялық кинетика пәні аясында алған білімдері негізінде химиялық тәжірибелер жоспарлап, жүргізеді, нәтижелерін болжай біледі, есептерді шығарудың тиімді және түсінікті әдістерін енгізеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химиялық кинетиканың негізгі постулаттары. Химиялық реакцияның реттілігі және молекулалығы.Жазбаша
2Жабық жүйеде бір бағытта жүретін гомогенді қарапайым реакциялардың формальды кинетикасы. Бір бағытта, қайтымсыз жүретін бірінші реттілікті реакция.Ауызша
3Екінші реттілікті қайтымсыз реакция. Үшінші реттілікті қайтымсыз реакцияАуызша және жазбаша
4Нөлінші реттілікті қайтымсыз реакция.Сұрақ-жауап
5Жабық жүйеде өтетін қарапайым химиялық реакцияның реттілігі мен жылдамдық константасын анықтау әдістеріАуызша
6Қарапайым және күрделі реакциялар. Химиялық реакциялардың ретін және жылдамдық константасын анықтау.Ауызша және жазбаша
7Қайтымды, параллель, түйіндес күрделі реакциялардың кинетикалық теңдеулері.Жазбаша
8Активтендіру энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.Жазбаша
9Іліктес реакциялар. Химиялық индукция. Автокаталитикалық реакциялар.презентация
10Фотохимиялық реакциялар. Фотохимия заңдары. Эйнштейнннің фотохимиялық эквивалент заңы және оның фотохимиялық реакциялар кинетикасындағы ролі.Ауызша
11Тізбекті реакциялар. Химиялық ауысулардың тізбекті механизмі және оның элементар сатылары.Сұрақ-жауап
12Тізбекті реакциялардың элементар сатысының жылдамдық константасын анықтау әдістері. Индукция периоды.Жазбаша
13Активті соқтығысу теориясы. Соқтығысулардың газокинетикалық диаметрі. Серпілмелі және серпілмелі емес соқтығысулар.Сұрақ-жауап
14Аралық күй теориясы. Активті комплекстің қасиеттері. Активті комплекс теориясының жуықтаулары.Жазбаша
15Гетерогенді реакциялардың кинетикасы. Сыртқы және ішкі диффузия заңдылықтары.презентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17