Қазақ тілі мен әдебиеті
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KHE 2206 Қазақ халық ауыз әдебиеті Екінші курс 4 120 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
П.Адиева

Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихын, жанрлық ерекшелігін танытады, фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін ажыратады, қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдерін меңгереді. Халық ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты, туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы білімді меңгереді. Халық ауыз әдебиеті туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалайды, көзқарасын дәлелдейді және жаңа шешімдер ұсынады.

Ежелгі және хандық  дәуір әдебиеті

Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе

1. баяндау
2. пікір алмасу.
3. пікірталасу
4. , проблемалық әдістер
5.  дебат
 

1Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлерді, халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орнын түсінеді. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысын жүйелейді.
2Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін меңгереді. Халықтық сипатын ажырата білуге дағдыланады, халық ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірлерін сараптайды
3Ауызша сөз өнерінің типтік табиғатын, оған тән ерекшеліктер мен белгілерді, ауызша туындылардағы сөздің жетекші қызметі мен өрісін ғылыми тұрғыда түсіне білу дәрежесіне жетіп педагогикалық тәжірибесінде үйлестіреді.
4Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануда фольклор мен жазба әдебиетте қолданудың ерекшеліктерін, мысалы, ауызша сөз өнерінің табиғатында, шығарманың тууында, таралу және сақталу ерекшеліктерінде, мезгілі мен мекені туралы анықтауларда, ауызша айтудың дәстүрлігі мен формулалығын үйреніп, білім алуда қолдана алады.
5Фольклордың жанрларын талдай біледі.
6«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнінен өзіндік жұмыстар орындау барысында кәсіптік қызметтің нәтижесін арттырады, өзін-өзі дамытады..
7Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі соңғы кездегі жарық көрген ғылыми зерттеулердің жаңа теориялық қорытындылары мен тұжырымдарын пайдаланады.
8Пәннен алған білімін кәсіби қызметте шыңдала отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып өзін-өзі дамытуға қолда
9Топта жұмыс істей білуге үйренеді
10Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі, оның шығу, айтылу, даму процесіндегі коллективтіліктің көрінісі және түрлері, жеке шығарманың коллективтілік аясындағы сипаты, ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы, халықтық және жалпы адамзаттық заңдылықтары, идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері, фольклордың халық өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейтіндігі туралы сипатын танып, жаңа шешімдерді ұсынуға қолданады.
11Қазақ халық ауыз әдебиетінің ғылыми танымда өзекті мәселе екенін таниды, алған білімін жүйелей алады.
12Фольклордың көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, ауыз әдебиетінде шындықты бейнелеудің өзгешелігі, көпқабаттылығы (Полистадиялығы) жайлы ұғымдарды ажырата білу дағдысы қалыптасады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Кіріспе. Халық ауыз әдебиетінің мәселелері пәні және оның ерекшеліктері
2Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер Оның қазақ фольклортану ғылымына әсері.
3Отбасылық жырларының ғылыми зерттелуі.
4Төрт түлік туралы жырлардың зерттелуі
5Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері
6Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері, жаңылтпаштың шығу тарихы, жұмбақтың зерттелуі
7Өтірік өлең – қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі.
8Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері.
9Аңыздағы жағрафиялық мәселелер
10Халық прозасының ғылымдағы жүйеленілуі
11Қаһармандық және ғашықтық жырлар туралы
12Тарихи жырлар идеясы, кезеңдерге бөлінуі
13Айтыс өнерінің заманауи көріністері
14Бала тәрбиелеу ғұрыптары
15Көркемдік бейнелеу құралдарының фольклордағы көрінісі
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Халық ауыз әдебиетінің мәселелері. Оқу құралы Түркістан, 2020. П. Адиева
22. Фольклорлық мұралар жиналу, жариялану тарихы. Монография. 2014.
33. Сал-серілер поэзиясы. Монография. 2017 Шамшәдин Керім.