Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
KDESAEM 42101 Қазіргі дамушы елдер: саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелер төртінші курс 8 240 3 3 0
Пәннің сипаттамасы
Түрікше
М. Анламасова

Пәннің мақсаты дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Пән дамушы және дамыған елдердің саясат, экономика және әлеуметтік салалардағы басымдықтарының айырмашылығын түсінуге бағытталған. Студент дамушы елдердің саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерін бағалау және салыстырмалы талдау дағдыларын және оларды шешу жолдарын меңгереді.

-

-

пікірталас, сұрақ-жауап, есептерді шешу, топтық жұмыс, миға шабуыл, сыни тұрғыдан ойлау, кейс-стади

1ПОН 1- Курс білімі негізінде білім алушы дамушы елдер туралы негізгі анықтамалық және концептуалдық ақпаратты түсінуі және өсу, даму және модернизация бойынша терминологиялық база қалыптастыруы керек. Сонымен қатар, білім алушының аз дамыған немесе дамушы елдерге қатысты халықаралық бастамаларды зерттеу қабілетін дамытуға бағытталған;
2ПОН 2- Отарлау кезеңінен кейін білім алушылар халықаралық жүйеде дамушы елдердің бар екенін түсінеді, осы елдер арасындағы айырмашылықтарды түсінеді, жаһанданудың әсерін бағалайды және аймақтық/жаһандық ынтымақтастық туралы біледі. Сонымен қатар, олардың осы мәселелерді бағалау қабілетін жетілдіруге бағытталған;
3ПОН 3-Білім алушыларға дамушы елдердің ерекшеліктері туралы мағлұмат беру, даму мен өсу ұғымдарын ажырата білуге дағдыландыру және елдерді экономикалық критерийлер бойынша жіктеуге болатынын талдау дағдыларын дамыту. Сондай-ақ студенттерге әртүрлі даму теориялары туралы ақпарат беруге бағытталған;
4ПОН 4- Білім алушыларға дамушы елдердің ерекшеліктерін мысал елдер арқылы түсіндіру және осы ақпаратты пайдалана отырып, білім алушыларды дамушы елдердің халықаралық жүйедегі орнын талдап, бағалай білуге дағдыландыру.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Дамушы елдер: негізгі ұғымдар мен тәсілдерЖазбаша
2Даму мәселесіне теориялық тәсілдерАуызша және жазбаша
3Дамушы елдердің саяси мәселелеріАуызша және жазбаша
4Дамушы елдердің әлеуметтік мәселелеріЖазбаша
5Дамушы елдердің экономикалық мәселелеріАуызша
6Отаршылдықтан жаһандануға дейінгі дамушы елдердің рөлінің өзгеруіБиблиография
7Демократиялық өзгерістер толқыныСұрақ-жауап
8Дін және саясатАуызша
9Әйелдер және дамуАуызша және жазбаша
10Үндістандағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерАуызша
11Бразилиядағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерАуызша
12Қытайдағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерАуызша және жазбаша
13Оңтүстік Африкадағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерСұрақ-жауап
14Иран Ислам Республикасындағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерпрезентация
15Мексикадағы саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерАуызша және жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1А.Мусинов, Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу және Орта Шығыс, Монография, 2018
2Мырзабеков М.С., Еуропалық Одақ сыртқы саясатындағы Африка, Кариб, Тынық мұхит елдері: тарихы, қазіргі мәселелері, болашағы: монография – 172 б., Алматы 2019
3Цзинь Но және т.б.; ауд. А. Тұрсынақын, Жаһандық басқару үдерісіндегі Қытайдың рөлі = China’s Leadership in Global Governance, Алматы 2020
4Салғараев М. Ресейдің сыртқы саясаты (XI ғасырдың соңы XX ғасырдың басы) / М. Сапарғалиев. оқу–әдістемелік құралы, Түркістан: ХҚТУ, 2014. – 190 с.
5Жекенов Д.Қ., Қытaй Хaлық Республикaсы «төртінші буын» бaсшылaрының сыртқы сaясaты (2003-2013 жж.), монография, Алматы 2017