Химия (Жаратылыстану ғылымдары)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
IMOTC 5308 Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері Бірінші курс 5 150 1 2 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Cарбаева Гульнар Турсынбаевна

Пән білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыруды  жүзеге асыратын инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылу ерекшеліктерін меңгеруді қарастырады. Пәннің мазмұны жалпы білім беруді дамытудың стратегиялық бағыттарын және білімгерлердің шығармашылық құзыреттілігін қалыптастырудың   принципиальді жаңа жүйесін талқылауды, педагогикалық технологиялар арқылы оқу процесінің нәтижелілігін анықтауды қарастырады. Білімгер химиялық пәндерден  алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, оқыту технологияларын жаңаша ұйымдастыруға, оқыту нәтижелерін логикалық негіздеуге үйренеді.

-

-

  1. Топпен жұмыс

  2. Миға шабуыл

  3. Дамыта оқыту технологиясы 

  4. Кейс-стадии әдісі

  5. Проблемалық оқыту әдісі

1Жаңа педагогикалық технологиялар мен оларды химияны оқытуда қолдану ерекшеліктерімен танысады, тәжірибеде қолданады;
2оқыту әдістері мен амалдар жүйесін қарастырады және оны химияны оқытуда пайдаланады
3пәндік бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді, тәжірибеде қолданады.
4Химия бағдарламасының мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді жоспарын дидактикалық тұрғыда тиімді ұйымдастырады
5Оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін, әдістерін қарастырады, оқушылардың білімін критериалды бағалауды, сабаққа талдау жасауды меңгереді;
6Оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, мұғалім мен оқушылардың қызметі жайлы білімді қолданып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және жүзеге асыруда мониторингтік зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады;
7Оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланады, нәтижелеріне талдау жасайды;
8Химияны оқыту барысында оқушының жеке тұлғасын дамытады, оқуға деген жағымды ынтаны қалыптастырады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері пәні және оның ғылыми негізі. Химияны жаңаша оқытудың мақсаты мен міндеттері.тест
2Жоғары оқу орнында химияны оқытудағы оқуды ұйымдастыру формалары.презентация
3Болашақ химия мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлау. Педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппаратыСұрақ-жауап
4Химияны оқытуда қолданылатын педагогикалық технология түрлері. Технологияландыру химиялық білім беру дамуының жетекші үрдісі іспеттес.Ауызша
5Қазіргі заманғы инновациялық технологияларды химия сабақтарында қолдану əдіснамасы. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлғаЖазбаша
6Сабақтың технологиялық картасы - заманауи сабақ жоспары іспеттес. Технологиялық карталау негізіАуызша және жазбаша
7Химияны оқыту технологиялары пəнінің жоғары оқу орындарында оқытылатын басқа пəндермен пəнаралық байланысы.презентация
8Химияны оқыту үдерісін басқару жəне ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі технологиялар. Химия тақырыптарын деңгейлеп саралап оқыту технологиясытест
9Химияны проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтарыАуызша
10Химияны жеке тұлғаға бағыттап оқыту технологиялары. Ынтымақтастық педагогикасы. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили бойынша).Жазбаша
11Химияны оқытуда кейс-стадии технологиясының маңызы. Ұйымдастыру кезеңдері, үлгілік презентациясыАуызша және жазбаша
12Химияны оқыту процесіндегі оқытудың жобалық технологиясы. Жобалау технологиясы және оны ұйымдастыру әдістемесітест
13Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану. Ақпараттық технологиялар құралдарыпрезентация
14Қашықтықтан оқыту технологиясы. Химиялық білім беру сапасын бағалау технологиялары.Ауызша және жазбаша
15Ұжымдық оқыту технологиясы (Дяченко, Ривин). Дамыта оқыту технологиясыЖазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Құрманәлиев М.Қ. Химияны оқытудың қазіргі технологиялары. Оқу құралы. -Алматы: Альманах, 2021. - 270 с
2Жанатбекова Н.Ж., Борибекова Ф. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар. Оқу құралы / - Алматы : TechSmith, 2022. - 248 с.
3Құрманәлиев М.Қ., Жолымбетова С.Ш., Жұмашева Г.К., Бастерова Б.А. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы химия және биология сабақтарында. Оқу құралы. 2-ші стер. бас. - Алматы : Альманах, 2021. - 122 б.
4Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Оқулық, 2014. -360 б.
5Мәтбек Н.Қ. Оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдері: оқу-əдістемелік құрал 2015. – 56 б.
6Мадыханова Қ.С., Абдуразова А.П., Қобланова О.Н. ЖОО химияны оқыту әдістемесі. - Жетісай: Сырдария университеті, 2014.