Химия-Биология (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GH1285 Жалпы химия Бірінші курс 7,00 210 1 - 3
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Техн.ғ.к., доцент Г.Н.Жылысбаева

Пән химияның теориялық және қолданбалы аспектілерін интеграциялау арқылы базалық білімін қалыптастырады. Білімгер пән аясында атом құрылысы, химиялық байланыс түрлері мен реакциялардың жүру заңдылықтарын қолдану арқылы  қосылыстардың  химиялық қасиеттері туралы білімді меңгереді.Теориялар және заңдылықтар негізінде  есептер шығаруда, зертханалық тәжірибелер жасауда, проблемалық мәселелерді шешуде, ғылыми ізденістер жүргізуде практикалық дағдыларды меңгереді.

Элементтер химиясы және зертханасы

-


1. Сын тұрғысынан ойлау

2. Миға шабуыл

3. Дамыта оқыту әдісі

11. Химиялық білім негіздерін, атомдық-молекулалық оқудың негізгі принциптерін, бейорганикалық заттардың жіктелуін, химияның негізгі терминдері мен стехиометриялық заңдарын талдайды.
22. Химиялық байланыстың түрлері мен химиялық реакциялардың кинетикасын оқып үйренуде өз бетінше ізденеді, талдау жасайды, білімін жетілдіруде ақпараттық технологияны игереді
33. Химиядан лабораториялық тәжірибелерді және эксперименттік зерттеулерді жүргізуде, химиялық формулаларды, теңдеулерді түрлендіруді және оларды орынды пайдалану шеберліктері мен дағдыларын жетілдіреді және ғылыми-лабораториялық сипаттағы әртүрлі практикалық бағытталған есептерді шешу үшін эксперименттік есептер әдістерін қолдана біледі
44. Химияның теориялық негіздері бойынша сабақты ұйымдастырып, нақты мәселені талқылайды және пәндік саланы терең игере отырып, өз қабілеті мен қызметін қоғам сұранысымен үйлестіре бағалайды, заманауи зерттеулердің нәтижесін кәсіби қызметінде пайдала алады;
55.Химиялық термодинамиканың негізгі заңдарын меңгеріп, химиялық реакциялардың жылу эффектісін анықтауды дәлдікпен орындайды
66. Жалпы химия пәні бойынша химиялық білімдер мен табиғаттың химиялық құбылыстарын тану әдіснамасын және математикалық аппараттарды химия есептерін шығаруда және зертханалық тәжірибелерді жасауда жаңа білімді қалыптастырады және білімгерлер тәжірибелік дағдыларын жетілдіруді үйренеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі және номенклатурасы. Химияның негізгі заңдары. Заттарды тазалау әдістері. Қайта кристалдауАуызша
2Газ заңдары. Клайперон-Менделеев теңдеуі. Парциалдық қысымдардың заңы. Заттарды тазалау әдістері. Возгонка. Айдау. Атомдық және молекулалық массаларды анықтауЖазбаша
3Атом құрылысы. Атом құрылысының күрделілігін дәлелдеген эксперименттер. Атом құрылысының модельдеріАуызша және жазбаша
4Периодтық жүйе және атомдардың электрондық құрылымы. Элементтердің атомдарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруіпрезентация
5Химиялық байланыс. Химиялық байланыс типтері: коваленттік байланыс, иондық байланыс, сутектік және металдық байланыстар. Валенттік байланыс әдісі. Молекулалық орбитальдар әдісі.Сұрақ-жауап
6Химиялық термодинамика.Термохимияның негізгі түсініктері. Термохимияның негізгі заңы Гесс заңы. ЭнтальпияСұрақ-жауап
7Термодинамиканың екінші бастамасы. Изохоралық-изотермиялық және изобаралық-изотермиялық потенциал. Нейтралдану энтальпиясын анықтаутест
8Химиялық кинетика. Реакция жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерi. Гетерогендi химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік. Ле-Шателье принциптеріЖазбаша
9Ерітінділер туралы ілім. Әртүрлі концентрациялы ерітінділер дайындаутест
10Буферлі ерітінді. Әлсіз қышқыл және оның тұзынан тұратын буферлі ерітінділер.Ауызша және жазбаша
11Электролиттік диссоциация тероиясыпрезентация
12Тұздар гидролизі. Гидролиз механизмі.Жазбаша
13Комплексті қосылыстар. Классификациясы. Комплексті қосылыстардың түзілу механизміАуызша және жазбаша
14Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. ТТР типтері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және теңестіруАуызша
15Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жүруіне ортаның әсері. Электролиз.тест
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16PÇ17
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Химия. Оқу құралы.-Алматы:Эверо баспасы, 2023. -260бет.Шоқыбаев Ж.Ә., Мустапаева Г.Т., Караженова Д.А., Қорғанбаева Ж.Қ.
2Жалпы химия. ГЭОТАР – Медиа. 2014. В. А. Попков , С. А. Пузаков, С. Н. Ділмағамбетов
3Общая химия, 2015. Учебное пособие.Т1. Глинка Н.Л., Бабкина С.С.
4Химия негіздері: Оқу - анықтамалық құралы. 2019. Н. Асанов, Н. Әбеу
5Неорганическая химия: учебно-методическое пособие. 2016. Пономаренко О.И., Бейсембаева Л.К., Ламеко М.А.
6Г. Н. Жылысбаева, А. К. Кабдрахимова, Р. Н. Нұрділлаева. Химия лабораториялық практикумы. 2017, 258
7Жалпы химия. Общая химия. II том: Оқулық. – Алматы: 2015. – бет Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.М., Ержанов Қ.Б., Байназарова Г.М. Жайлау С.Ж. (Rmeb)