Сабақтың коды | Курс аты | Сынып | Академиялық кредит | Cағат | Апталық сабақ сағаттары (лекция) | Апталық сабақ сағаттары (практика) | Апталық сабақ сағаттары (зертханалық) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ebe 4367 | Акушерия | төртінші курс | 6 | 180 | - | 25 | - |
Жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі әдістерімен таныстыру; физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізуге үйрету; акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек көрсетудің принциптерін үйретіп, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.
Емханалық акушерия және гинекология
-
Тәжірибелік сабақтар:ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ,PAL, SAQ, SGL, TaskBL, TBL.
Білімгерлердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы(ОБӨЖ):өткен тәжірибелік сабақтарында қарастырылған сұрақтарды тереңдетіп оқу, өз бетімен оқуға арналған тақырыптар және туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы(БӨЖ):тәжірибе түрінде орындалады деп көрсетілген тақырыптарды өз бетімен оқу, компьютерлік модельдер және бағдарламалармен жұмыс, шағын топтарда жұмыс, қосымша әдебиеттермен, электрондық ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс, презентация, ғылыми рефераттар дайындау және қорғау.
Мүмкіндігі шектеулі білімгерлер үшін құрылымдық бөлімдермен бірлесіп, мамандандырылған бейімдеу пәндерін (модульдерін) енгізудің оқыту әдістерін, формаларын, бақылау түрі мен уақыт мөлшерін пән оқытушысы өзгерте алады.
1 | Акушериялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін және осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. |
2 | Презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Болашақ маман ретінде, дәрігер - медициналық басылымдар мен әдебиеттерде, интернет-ресурстарда ғылыми деректердің құндылықтарын үйлестіре алады. Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады |
3 | Жүктілер , оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. |
4 | Жүктілер науқастардан анамнез жинау, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін , босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету, Босанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету, Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау, босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. |
5 | Жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. |
6 | Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. |
7 | Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады. Жүкті науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау, жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтау, жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюда қолданады. |
Haftalık Konu | Бағалау әдісі | |
---|---|---|
1 | Акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі. Репродуктивті денсаулықты қорғау. Отбасын жоспарлау. Жүктілер мен босанған әйелдерді диспанcерлік бақылау. | |
2 | Ұрық жағдайын тексерудің әдістері. Ұрықты антенатальды қорғаудағы әйелдер кеңесінің рөлі. | |
3 | Жүктілік физиологиясы. Жүктілерді тексеру әдістемесі | |
4 | Жүкті кезеңдегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуы. | |
5 | Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. | |
6 | Экстагениталды патология және жүктілік. | |
7 | Фетоплацентарлы жүйенің патологиясы: ФПЖ, су аздық, су егіздік. | |
8 | Жүктілікті көтере алмаушылық, жүктілікті жеткізе алмаушылық. Резусқайшылықты жүктілік | |
9 | Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету. Физиологиялық босану. | |
10 | Босануды жүргізу. Босануды жансыздандыру. Босануда акушериялық көмек көрсету. Қауіпсіз босану. Нәрестені қарау. | |
11 | Акушерлік операциялар | |
12 | Тар жамбас. Акушериялық жарақаттар. | |
13 | Босану қызметінің ақаулары. | |
14 | Мерзімінен ерте босану, қағанақ суының мезгілсіз, мерзімінен ерте кетуі | |
15 | Ұрықтың дұрыс орналаспауы. Ұрықтың жамбаспен келуі. | |
16 | Босану, босанудан кейінгі кезеңдегі акушериялық қан кетулер. | |
17 | Босанғаннан кейінгі кезеңнің физиологиясы. Босанған әйелдердің гигиенасы мен емдәмі. Босанғаннан кейінгі бөлімнің асептикасы мен антисептикасы | |
18 | Лактация. Емшекпен емізу. Нәрестелер мен босанған әйелдердің іріңді-сепсистік асқынуларының алдын алу. |
PÇ1 | PÇ2 | PÇ3 | PÇ4 | PÇ5 | PÇ6 | PÇ7 | PÇ8 | PÇ9 | PÇ10 | PÇ11 | PÇ12 | PÇ13 |
---|