Филология: қазақ филологиясы
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ChKDKCS 3222 Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі Үшінші курс 3 90 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Доцент Н.Д.Кошанова

Тілдің синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалуын біледі; Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін синтаксисі туралы теориялық білімін тілдік деректерді синтаксистік талдауда көрсетеді, тілдік талдау дағдысы қалыптасады. Ғылыми жобалар дайындауға дағдыланады. Өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Синтаксис. Синтаксис заңдылылықтар. Сөйлем құрылымы. Көпқұрылымды сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің сипаты. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемдерді  грамматикалық түрлерін  тану принципі.  Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі. Салалас құрмалас сөйлем. Грамматикалық түрлері. Олардың түр-түрге топтасу принципі. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлемнің грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді нақты танытатын белгілері. Көп компонентті сөйлемдер.  Грамматикалық, семантикалық түрлері.

Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

Тіл білімі тарихы мен теориясы

1. Топпен жұмыс әдісі.
2. тілдік талдау әдісі.
3. сын тұрғысынан ойлау әдісі.
4. миға шабуыл әдісі әдісі.
5. құрылымдық талдау әдісі 
6. дамыта оқыту әдісі 
7. кәсіби шеберлікті арттыру әдісі.
 

1қазіргі қазақ тілінің синтаксисі пәнінің теориясын біледі;
2қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі пәнінен алған білімі мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
3ғылыми ақпаратты сұрыптай алады; қазіргі қазақ тілі синтаксисі ғылымы бойынша өзінің көзқарасын идеяларға жүгіну негізінде дәлелдейді
4Өзінің зияткерлік дамуы, мәдени дамуы, кәсіби құзыреттілігі, денсаулығы, адамгершілік және физикалық өзін-өзі жетілдіру үшін таным, жаттығу және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын пайдаланады;
5Білім беру үдерісін жоспарлай алады және оны жүзеге асыруда білім берудің әдіснамасы мен негізгі теорияларын қолдана алады
6Кәсібінің әлеуметтік маңызы мен мәнін түсінеді.
7қазіргі қазақ тілінің теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтай алады
Haftalık KonuБағалау әдісі
11. Апта Лекция Кіріспе. Синтаксис. Синтаксис заңдылылықтар. Сөйлем құрылымы. Көпқұрылымды сөйлемдер.Ауызша
22. Апта Лекция Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық сипатыАуызша
33. Апта Лекция Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдарыАуызша
44. Апта Лекция Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принципі. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас сөйлемдерАуызша
55. Апта Лекция Қарсылықты, себептік салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипатыАуызша
66. Апта Лекция Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, функционалдық сипаты, іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық топтары.Сөздік
77. Апта Лекция Себептік, шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипатыСөздік
88. Апта Лекция Айқындауыштық, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипатыАуызша
99. Апта Лекция Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипаты Телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер, олардың грамматикалық сипатыАуызша
1010. Апта Лекция Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу амалдары.Сөздік
1111. Апта Лекция Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түр-түрін тану принципі. Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер.Ауызша
1212. Апта Лекция Шартты рай формалы етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер және олардың семантикалық, грамматикалық сипатыАуызша
1313. Апта Лекция Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдерАуызша
1414. Апта Лекция Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.Сөздік
1515. Апта Лекция Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігіСөздік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Қошанова Н. Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі. Оқу құралы, Түркістан, 2018.
22. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2016
33. Қошанова Н. Қазіргі қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің синтаксистік қызметі. Оқу құралы. Түркістан, 2017
44. Жылқыбаева М.С. Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі. Оқу құралы, Алматы: «Эверо», 2022