Математика мұғалімдерін даярлау
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AI 2294 Анализ II Екінші курс 4 120 1 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Б.Х.Турметов

Пән математикалық талдау теориясымен таныстыруды тереңдетеді. Бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері  және оның қолданыстары тақырыбында есептер шығаруды оқытады. Білім алушыларды алғашқы функция, анықталмаған интеграл ұғымы және анықталмаған интегралдың қасиеттерімен таныстырады. Білім алушылар бөліктеп интегралдау және айнымалыны ауыстыру, рационалдық бөлшектерді  интегралдау, Остроградский әдістері арқылы функцияның алғашқы функциясын табуды үйренеді.

Топпен жұмыс, блиц-сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі, постер қорғау креативтілік оқыту әдістері , Топпен жұмыс, бұлттық технология, IT әдісі, Case-study әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі, кәсіби шеберлікті арттыру әдісі, проблемалық шығарма әдісі, Модульдік оқыту технологиясы.

1- Математиканың негізгі әдістері мен заңдылықтарын қолдана отырып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шешеді (ОН9);
2- Қолданбалы практикалық есептерді шешуде, процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасайды (ОН10);
3- Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін зерттеуде теориялық және математикалық-статистикалық әдістерді қолданады (ОН11).
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Алғашқы функция ұғымы. Анықталмаған интеграл ұғымы. Анықталмаған интегралдың қасиеттері. Анықталмаған интегралдардың негізгілерінің таблицасы. Бөліктеп интегралдау және айнымалыны ауыстыру
2Рационалдық бөлшектерді интегралдау Остроградский әдісі
3Иррационалдық, диффернциалдық биномдарды интегралдау.
4Тригонометриялық және трансценденттік функцияларды интегралдау.
5Анықталған интеграл ұғымын туғызатын есептер.Интегралдық қосындының шегі. Жоғарғы және төменгі интегралдық Дарбу қосындылары және олардың қасиеттері.
6Интегралданудың қажетті және жеткілікті шарттары. Интегралданатын функциялардың кластары.
7Анықталған интегралдың қасиеттері. Орта мән туралы теоремалар.
8Жоғарғы шегі айнымалы болатын анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы.
9Анықталған интегралды есептеу әдістері. (айнымалыны ауыстыру, бөліктеу).
10Анықталған интегралдарды жуықтап есептеу. Декарттық координаталар системасында жазық фигуралардың ауданын есептеу. Полярлық координаталар системасындағы жазық фигуралардың ауданын есептеп табу.
11Доғаның ұзындығы мен дифференциалы. Көлемдерді есептеу.
12Айналу бетінің ауданы Ауырлық центрі. Инерциялық момент.
13Шектері ақырсыз болып келген меншіксіз интегралдар.
14Абсолютті жинақты меншіксіз интегралдар.
15Шенелмеген функциялардың интегралдары.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Х.И. Ибрашев, Ш.Т. Еркеғұлов. Математикалық анализ курсы. Оқулық. - Новое изд. – Алматы. Экономика, 2014. 562б РМЭБ.
2Ә.Ж. Әсібеков, М.Д.Қошанова. Математикалық талдау: Оқу құралы. 2018ж.
3О. А. Жәутіков. Математикалық анализ курсы. Оқулық.- Алматы : 'Экономика' баспасы, 2014. - 832 с. РМЭБ.
4Б.Т. Қалымбетов Көп айнымалы функциялар. «Математикалық талдау» курсы бойынша оқу- әдістемелік құрал. Түркістан, 2015.
5В.А.Мамаева. Математикалық талдаудан тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2-бөлім. Оқу-әдістемелік құрал. 2017ж.