Sanatsal Çalışma ve Grafik Çizim Öğretmenliği
Program Kodu Kredi Sayısı Eğitim Süresi
6B01478 240 4
Programın Tanımları
1Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
2Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
3Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
4Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
5Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
6Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
7Көркем еңбектегі, графикалық жобалаудағы педагогикалық әдіснама ерекшеліктерін анықтап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ретке келтіре отырып, көркемдік білім беру барысында заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады
8Шығармашылық бірлестіктер мен одақтарды қоса алғанда, жастар ортасындағы көшбасшылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру барысында перспектива, сызу, графика, тігін технологиясы, тамақтану мәдениеті бойынша кәсіби практикалық білімдерін көрсетеді
9Мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үйірмелер, көрмелер ұйымдастырудың әдістемелік қызмет шеңберін таңдай отырып, бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау, графикалық дизайн, қолөнер, мүсіндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асырады
10Ғылыми әдістеме ерекшеліктерін, танымдық ғылыми негіздерін, көркем білімді меңгеру психологиясын, шығармашылықты және өнерді қабылдау машықтылығын көрсете отырып, педагогикалық зерттеу нәтижелері мен ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануды интерпретациялайды
11Көркемөнер тарихы мен теориясы, әдіснамасы, оқыту әдістемелері бойынша білімі мен дағдыларды бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде көрсетіп, оларды сурет, кескіндемеден көркемдік-шығармашылық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыруда қолданады
12Көркем-шығармашылық қызметтерді атқарудың білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, көркемөнер бағыттары бойынша түстану, композициялық заңдылықтар негізінде дизайнерлік жобалар жасау, шағын бизнес, білім беру саласында (этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, т.б.) шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырады