Көркем еңбек және графикалық жобалау
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
6B01478 240 4
Білім беру бағдарламасының паспорты

Көркем шығармашылық жұмыстарын орындауда өзін-өзі көрсетудің, ұлттық болмыс пен мәдени әртүрлі нысандарын игеруге бағытталған ресми және бейресми көркемдік білім беруді жүзеге асыруға қабілетті кәсіби педагогті даярлау

Білім беру бағдарламасы тұжырымдамасының негізіне Көркем еңбек және графикалық жобалаубілім беру саласында қойылған міндеттерді шешуге бағытталған жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау принципі алынған.Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіби құзыреттерді қамтиды

«6B01478 Көркем еңбек және графикалық жобалау»білім беру бағдарламасы бойынша  білім бакалавры

Көркем еңбек және графикалық жобалау бакалаврының кәсіби қызметі білім беру саласына, көркемдік білім, бейнелеу өнері және сызу бойынша оқу процесіне бағытталған

Kәсіби қызмет объектісі:

-  жалпы білім беретін мектептер,  лицей, гимназиялар;

-оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;

- орта арнайы оқу орындары, колледждер;

- кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақ аралық орталықтары болып табылады

Кәсіби қызмет функциялары: бейнелеу өнері шығармашылығы арқылы оқушылардың тұлғалық басқару, педагогикалық жұйесін іске асыру; көркем еңбек сабағында дара тұлғаларға бағытталған білім беру технологиялары негізінде оқыту процесін үлгілеу, бейнелеу өнері құралдарымен оқушылардың танымдылық және коммуникативті қажеттіліктерін дамыту,   білім берудегі жаңа идеялар мен технологияларды практикалық түрде негіздеу және іске асыру, ғылыми негіздеу болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:білім беру (педагогикалық); оқу-тәрбиелік; оқу-технологиялық; әлеуметтік-педагогикалық; эксперименталды-зерттеу жұмысы; ұйымдастырушы-басқарушылық;ақпараттық-коммуникациялық

1Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
2Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
3Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
4Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
5Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
6Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
7Көркем еңбектегі, графикалық жобалаудағы педагогикалық әдіснама ерекшеліктерін анықтап, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды ретке келтіре отырып, көркемдік білім беру барысында заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданады
8Шығармашылық бірлестіктер мен одақтарды қоса алғанда, жастар ортасындағы көшбасшылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру барысында перспектива, сызу, графика, тігін технологиясы, тамақтану мәдениеті бойынша кәсіби практикалық білімдерін көрсетеді
9Мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметін талдап, үйірмелер, көрмелер ұйымдастырудың әдістемелік қызмет шеңберін таңдай отырып, бейнелеу өнері, көркем еңбек, графика және жобалау, графикалық дизайн, қолөнер, мүсіндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру қызметтерін жүзеге асырудың іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асырады
10Ғылыми әдістеме ерекшеліктерін, танымдық ғылыми негіздерін, көркем білімді меңгеру психологиясын, шығармашылықты және өнерді қабылдау машықтылығын көрсете отырып, педагогикалық зерттеу нәтижелері мен ғылыми ізденістің әдіснамасы мен әдістемесін оқу үдерісінде пайдалануды интерпретациялайды
11Көркемөнер тарихы мен теориясы, әдіснамасы, оқыту әдістемелері бойынша білімі мен дағдыларды бейнелеу шығармашылығы мен педагогикалық іс-әрекетінде көрсетіп, оларды сурет, кескіндемеден көркемдік-шығармашылық жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыруда қолданады
12Көркем-шығармашылық қызметтерді атқарудың білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, көркемөнер бағыттары бойынша түстану, композициялық заңдылықтар негізінде дизайнерлік жобалар жасау, шағын бизнес, білім беру саласында (этикет, марка, белгі, логотип, жарнама, буклеттер, т.б.) шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырады