Ақпараттық жүйелер
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D06115 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ақпараттық жүйелер саласында терең теориялық және практикалық білімі бар, жаңа ғылыми міндеттерді қойып, орындай алатын және ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды басқара алатын PhD докторларын дайындау.


 Жан-жақты білімді, ақпараттық жүйелер саласында фундаментальді білімді игерген, мамандандырылған, кәсіби дағдысын дамыта отырып жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметті орындауға қажетті және ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

«8D06115–Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагог, ғылыми қызметкер, жобаны басқарушы

ЖОО, ғылыми –зерттеу  институттары мен орталықтары; ғылыми-өндірістік, мемлекеттік басқару органдарының компьютерлік қызметтері, өнеркәсіптік кәсіпорындардың компьютерлік қызметтері, қаржы ұйымдарының компьютерлік қызметтері және т. б.

Ақпараттық технологиялар саласында білім беру бағыты бойынша ғылыми зерттеулерді орындайды; білім беру саласындағы зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді; жеке пәндерді оқыту бағыты бойынша ақпараттық-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады. 
Бітіруші осы салада қолданылатын зерттеу саласы мен зерттеу әдістері бойынша жүйелі түсінігін, шеберлігін көрсете алады; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету; ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қоса алады; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай алады, бағалайды және синтездейді; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлай алады.; ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану; өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау және болжау.
Выполняет научные исследования по образовательному направлению в области Информационные технологии; внедряет результаты исследований в области образования в учебный процесс; организует информационно-поисковую работу по направлению преподавания отдельных дисциплин; осуществляет преподавание дисциплин.

1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
2Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті.
3зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды.
4АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының негізделген өтінімдерін немесе түсіндірме жазбаларын ұсыну.
5Деректерді іздеу, Машиналық оқыту, есептеу күрделілігі және оңтайландыру теорияларының модельдері мен әдістері негізінде зерттеу міндеттерін тұжырымдау және оларды шешу жолдарын табу.
6Ұйымның бизнес талаптарын ескере отырып, бұлтты шешімдерді жобалайды, бұлтты есептеу негізінде АТ шешімдерін әзірлейді, бұлтты шешімдердің сүйемелдеуін бақылайды.
7Ресурстарды қажет ететін мәселелерді шешу үшін үлкен деректерді өңдеу және деректерді іздеу әдістерін қолдану.