Информатика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D01516 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Информатика және білім беруді цифрландыру саласында кәсіби-ғылыми құзыреттерге ие, ғылым, білім беру және басқару саласында инновациялық қызметке қабілетті, ғылымның, информатика саласындағы білімнің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті зерттеушілерді, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау/

Білім беру бағдарламасы докторанттардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметке дайындығын, информатика мен білім беруді цифрландыруға бағытталған оқытудың теориясы мен әдіснамасы саласындағы зерттеушілікке кәсіби дайындықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

«8D01516 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Кәсіби қызмет саласы: меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; -жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша қызмет; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.

Мектеп пен ЖОО-да информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің тұжырымдамалық (іргелі) мәселелері; әртүрлі деңгейдегі білім беру жүйелерін ақпараттандырудың қолданбалы мәселелері; педагогикалық сараптама және мониторинг.

 

Кәсіби қызметінің функциялары

8D015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (8D01516-Информатика) білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық ғылымдар докторының кәсіби қызметінің функциялары болып табылады:

Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің тұжырымдамалық (іргелі) мәселелері бойныша ғылыми зерттеулерді орындайды; ғылыми нәтижелердің нақты іске асырылуының әлеуметтік, экономикалық, экологиялық салдарлары тұрғысынан болжамды нәтижелерін айқындайды; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беруге енгізеді; педагогикалық сараптама және мониторинг жасайды;  пәндерді оқытуды жүзеге асырады; білім алушылардың ғылыми зерттеу жобаларына, дипломдық және диссертациялық жұмыстарына жетекшілік етеді; білім беру ұйымдарының, құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды және тиімді басқаруды іске асырады; оқу бағдарламаларын іске асыруды; білім беру ұйымының, құрылымдық бөлімшенің шеңберінде оқытушылардың, әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіреді; білім беру ұйымында кадрлық саясаттың тиімді модельдерін іске асырады.

1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады
2Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
3Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
4Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді
5Білім беруді басқаруды цифрландырудың шешімдерін, педагогикалық зерттеу әдістерін, модельдері мен технологияларын әзірлеу әдістерін қолданады
6Желілік оқытудың тәрбиелеу және дамытушы әлеуетін анықтап, білім беру мүмкіндіктері мен желілік оқыту технологияларын іске асыру әдістемесін әзірлейді
7Инклюзивті білім беру жағдайындағы ақпараттық-білім беру ортасын, АКТ құралдарын зерттеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқу ортасын оңтайландыруда АКТ және олардың қосалқы құралдарының мүмкіндіктерін қолданады