Физика (Педагогикалық ғылымдар)
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
8D01503 180 3
Білім беру бағдарламасының паспорты

Әлемдік еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«8D01503-Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Кәсіби қызмет саласы: ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік басқару органдары.

Кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондайақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары

Физика саласында білім беру бағыты бойынша ғылыми зерттеулерді орындайды; білім беру саласындағы зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне енгізеді; жеке пәндерді оқыту бағыты бойынша ақпараттықіздестіру жұмыстарын ұйымдастырады; пәндерді оқытуды жүзеге асырады. Бітіруші осы салада қолданылатын зерттеу саласы мен зерттеу әдістері бойынша жүйелі түсінігін, шеберлігін көрсете алады; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру жәнетүзету; ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қоса алады; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдай алады, бағалайды және синтездейді; өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлай алады.; ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау; әр түрлі көздерден алынған ақпаратты талдау және өңдеу; қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде академиялық тұтастықпен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жүргізу; өзінің жаңа ғылыми идеяларын генерациялау, ғылыми танымның шекарасын кеңейте отырып, өзінің білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа хабарлау; зерттеудің заманауи әдіснамасын таңдау және тиімді пайдалану; өзінің әрі қарай кәсіби дамуын жоспарлау және болжау.

1Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады
2Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
3Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
4Жоғары мектептің дидактика саласы мен арнайы саладағы білімді интеграциялау арқылы оқытудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалану негізінде сабақтардың барлық түрлерін ұйымдастыра отырып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын педагогикалық зерттеулердегі статистикалық әдістерді, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы тәсілдерін, өңдеу және тәжірибелік мәліметтерді интерпретациялауды іске асырады
5Заман талабына сай оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда педагогикалық жобалау, педагогикалық технологиялар, педагогикалық техника мүмкіндіктерін бағалайды
6Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамалары негізінде зерттеулерді жүргізу үдерісін ұйымдастырып, педагогикалық диагностика жасау сияқты өзекті мәселелерді айқындайды
7Физика саласында жоғары кәсіби профильдік білім алуда физикалық мәселелерді шешудің практикалық дағдыларын, заманауи физикалық білімдерді дамыта отырып, физиканың өзекті сұрақтары бойынша негізгі теориялық білімдерін, заманауи физиканың өзекті мәселелерін синтездейді
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AH 7210 Академиялық хат Қазақ тілі 5 1 2 0
FOAZGT 7217 «Физиканы оқыту әдіснамасы және заманауи ғылыми технологиялар» Қазақ тілі 5 1 2 0
FOAZhGPA7306 «Физиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және ғылыми педагогикалық аспектілері» Қазақ тілі 5 1 2 0
FTT7302 «Физиканың таңдаулы тараулары» Қазақ тілі 5 1 2 0
GZASS 7215 Ғылыми зерттеу әдістері Қазақ тілі 5 1 2 0