Білім беру бағдарламасының коды | Академиялық кредит | Оқу мерзімі |
---|---|---|
7M07158 | 120 | 2 |
Автоматтандырылған және ақпараттық жүйелерді бақылау және инженерлік міндеттерді тұжырымдап шешу, технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру жобаларын әзірлеуге қабілетті маманды дайындау.
Өнеркәсіптік және қорғаныс салаларында, экономикада, көлікте, ауыл шаруашылығында, медицинада басқару жүйелері мен құралдарын жобалаумен, зерттеумен, өндірумен және пайдаланумен байланысты ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті маманды дайындаудан тұрады. Автоматты және автоматтандырылған басқару жүйелерін зерттеу мен жобалаудың, бақылаудың, техникалық диагностикалаудың және өнеркәсіптік сынаудың заманауи бағдарламалық және аппараттық құралдарын құру. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қамтиды.
“7М07158-Автоматтандыру және басқару” білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Кәсіби қызмет саласы ғылым мен өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару болып табылады
Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:
профильді дайындық кезінде- әртүрлі өндірістердің технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері, әртүрлі мақсаттағы автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелері, жүйелерді жобалаудың автоматтандырылған жүйелері пайдаланылатын және әзірленетін ұйымдар мен кәсіпорындар;
ғылыми-педагогикалық дайындық кезінде – ғылыми-зерттеу институттары, кез келген меншік нысанындағы ғылыми-өндірістік бірлестіктер, кез келген деңгейдегі мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындары болып табылады.
Кәсіби қызметтің функциялары басқарудың әртүрлі автоматтандырылған жүйелерін құрудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын ұйымдастыру және енгізу болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:
- Сервистік-пайдалану қызметі;
- Өндірістік-технологиялық қызмет;
- Ұйымдастыру-басқару қызметі;
- Жобалау-конструкторлық қызмет;
- Эксперименттік-зерттеу қызметі.
1 | Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды. |
2 | Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. |
3 | Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады. |
4 | Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады. |
5 | Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды. |
6 | Қондырғы жұмысының оңтайлы режимінің параметрлерін, экологиялық және техника-экономикалық талдауларын, технологиялық басқару нысандардың сұлбасын ұсынады. |
7 | Электр қондырғыларды зерттеуді, өлшеуді, сынауды, автоматтандыру жүйелерін әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады. |
8 | Автоматтандыру және басқару объектілерінде қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдана отырып нормативтік құжаттарға сәйкес монтаждау-жөндеу жұмыстарын жүргізеді. |
9 | Ұйымдастыру-басқару қызметінде ұжым жұмыстарының сапасын қамтамасыз ете отырып, өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалауда, ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлау кезінде шешімдер қабылдайды. |