Саясаттану магистратура бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының коды Академиялық кредит Оқу мерзімі
7M03117 120 2
Білім беру бағдарламасының паспорты

Саясаттану ғылымы саласындағы заманауи ғылыми-практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, ғылыми-зерттеу және оқытушылық   қызметін сәтті жүзеге асыра алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды

«7М03117-Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі

ЖОО-дарында Әлеуметтік ғылымдар (Саясаттану) бағыты; ЖОО-дарында ішкі, сыртқы саясат бөлімдері,   ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі ішкі, сыртқы саясат бөлімі, министрліктердің ішкі, сыртқы саясат бөлімі, БАҚ.

Әлеуметтік-саяси процестер (сайлау, демократияландыру, жаһандану, либерализацияландыру) және құбылыстар, жәнеде саяси жүйелер мен режимдер (тоталитаризм, авторитаризм, демократия), олардың саяси шешімдердің қабылдау процесіне ықпалын, одан басқа, саяси институттар (президенттік, парламентаризм, биліктің жергілікті өкілеттік органдар) қызметінің өзекті аспектілерін зерттеу саясаттанушының кәсіби қызмет объектісі болып танылады.

Зерттеу орталықтары мен институттарында сараптау жұмыстарын жүргізеді, ақпараттық материалдарды жинайды және өңдейді; талдайды, жіктейді және нәтижелерді тіркеуді жүзеге асырады; ғылыми зерттеулер жүргізеді; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолданысқа енгізеді; таңдалған ғылыми бағыт бойынша ақпараттық-іздеу жұмыстарын ұйымдастырады; ЖОО-да өз саласы бойынша пәндерді оқытады

1Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1).
2Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады. (ОН2).
3Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3).
4Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН4).
5Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5).
6Ұйымдастырушылық жұмыстың машықтарын иелене отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің құрылымындағы сыртқы және ішкі саясат жұмыстарын ұйымдастырады. (ОН6).
7Халықаралық қатынастар, дипломатия, ұлттық немесе аймақтық сыртқы саясат, саясаттану мәселелері бойынша кәсіби кеңестер беріп, сараптама жасайды (ОН7).
1. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
HKTKT 5207 Халықаралық қатынастар теориясы мен қолданбалы талдау Қазақ тілі 5 1 2 0
SGZA 5206 Саяси ғылымның зерттеу әдістемесі Қазақ тілі 5 1 2 0
SMSKK 5206 Саяси модельдеу және саяси қауіп-қатерлер Қазақ тілі 5 1 2 0
STKB5208 Саяси талдауға кіріспе және болжамдау Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІ.семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
MS6305 Мемлекеттік саясат Қазақ тілі 5 1 2 0
SS6306 Салыстырмалы саясаттану Қазақ тілі 5 1 2 0
SZh 6307 Саяси жаһандану Қазақ тілі 5 1 2 0
ІІІ. семестр
Сабақтың коды Курс аты Оқу тілі Академиялық кредит Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
GS6309 Гендерлік саясаттану Қазақ тілі 5 1 2 0