Биотехнология
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ZhG331 Жалпы генетика Үшінші курс 5 150 1 2 0
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Салыбекова Нурдана

Пән генетика саласы бойынша құбылыстардың, процестердің жүру заңдылықтарын, тірі ағзалардың тұқым
қуалаушылығы мен өзгергіштігін, олардың молекулалық механизмдерін, мутациялардың түрлерімен факторларын,
материалдық және цитогенетикалық негіздерін қарастырады. Пәнді игеру барысында білімгер гендік инженерия,
селекцияның заманауи әдістерін меңгеріп, биология саласында теориялық, практикалық білімін көрсете отырып,
генетикалық есептер шығаруға және биологиялық зерттеулерді жүргізуге дағдыланады.

генді модифицирленген ағзалар жасау технологиясы

жасушалық биотехнология

learning and study, дамыта оқыту әдісі, Модульдік оқыту технологиясы, баяндау, пікір алмасу, Пікірталасу, проблемалық әдістер

1ОН 4-Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Генетика пәнінің мақсаты мен міндеті. Генетиканың биология ғылымдарының ішіндегі орны. Зерттеу әдістері. Прокариот және эукариот ген құрылысының ерекшеліктері.Жазбаша
2Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері. Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері. Митоз. Жынысты көбеюдің цитологиялық негіздері. Мейоз. Мейоздың генетикалық мәні.Жазбаша
3Белгілердің тұқым қуалауының заңдылықтары және тұқым қуалаушылықтың принциптері. Будандастырулардың цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру. Дигибридті будандастыру. Мендельдің І және ІІ заңдары.Жазбаша
4Полигибридті будандастыру. Мендельдің ІІІ заңы. Хи-квадрат әдісі. Генетикалық есептерді математикалық жолмен шешу ерекшеліктері.Жазбаша
5Өзгергіштік классификациясы. Тұқым қуалайтын генотиптік және тұқым қуаламайтын фенотиптік өзгергіштіктер. Мутациялық өзгергіштік. Геномдық мутациялар. Полиплоидия. Автополиплоидия. Анеуплоидия. Модификациялық өзгергіштік.Жазбаша
6Геннің құрылымы және қызметі. Генетикалық процестердің молекулалық механизмдері. Эпигенетика.Жазбаша
7ДНҚ транскрипциясы. Трансляция. Генетикалық кода. Транспорттық РНҚ-ның құрылымы мен қасиеттері.Жазбаша
8Генетикалық инженерия, оның теориялық және практикалық маңызы. Генетикалық инженерияның даму тарихы. Ген инженериясы.Жазбаша
9Онтогенездің генетикалық негіздері. Жіктелудің генетикалық негіздері. Онтогенездегі хромосомдардың функциональдық өзгерісі. Онтогенезді меңгеру. Онтогенездің дискреттілігі.Жазбаша
10Популяция және оның генетикалық құрылымы. Популяциялардағы генетикалық эволюцияның негізгі факторлары. Генофонд жөнінде ұғым.Жазбаша
11Аллелді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулері. Жыныс генетикасы және жыныспен тіркесіп тұқым қуалау.Жазбаша
12Гендердің тіркесу құбылысы. Хромосомалардың айқасуы. Генетикалық карталар және кариотиптеу. Хромосомдық емес немесе цитоплазмалық тұқым қуалау.Жазбаша
13Адам генетикасы. Адам - генетикалық зерттеулердің обьектісі. Адам генетикасын зерттеу әдістері. Генеалогия.Жазбаша
14Селекцияның генетикалық негіздері. Селекция пәні және зерттеу әдістері.Жазбаша
15Өсімдіктер және жануарлар селекциясындағы будандастыру жүйелері. Гетерозис құбылысы.Жазбаша
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Сейтметова А., Дүйсебекова А.М., Қыдырбаева А., Байбеков Е. Генетика. Қазақ. Шымкент, 2019. 124 б.
22. Сейтметова А., Абишова Г. Генетика. Оқу- әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2013.
33. Бурунбетова Қ.Қ. Генетика негіздері. Оқулық. Алматы, 2013 http://rmebrk.kz
44. Рустенов, А.Р., Елеугалиева, Н.Ж. Генетика практикумы. - Алматы: Эпиграф, 2021. - 272б. - ISBN 978-601-327-607-6.
55. Абилева, Г.А., Нұрбекова, Б.Ж. Генетика: Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2018. - 38б.