Электр энергетика
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
UG 2210 МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ Бірінші курс 3 90 1 1 1
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
xx

Пән мақсаты - мамандықтың кәсіби салалары мен түрлерін (жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, монтажды-жөндеу, серсивтік-эксплуатациялық қызмет) қарастыру, энергетика жайлы негізгі ұғымдарды қалыптастыру, оның қазіргі заманғы қоғамдағы мәнін, даму тарихын түсіндіру. Энергетиканың барлық бөлімдері жайлы негізгі мәліметтер және олардың өзара байланысын, энергетикалық жүйелер мен оларда болатын түрлену процестерін, электр энергиясын өндіру, тарату  және тұтыну, энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидалары мен құрылысын, энергетиканың қазіргі кездегі деңгейі мен болашақта даму бағыттарын қарастыру.

Жылу техникасы және жылу энергетикасының негіздері, Электр машиналары

Физика I, Математика I.

Топпен жұмыс, миға шабуыл, Case-study әдісі, топтық жобалық жұмыс әдісі.

1Энергетиканың қоғамдағы маңызы мен даму тарихын, электр энергетика саласындағы заманауи компьютерлік ақпараттық технологияларды біледі.
2Электр станциялардағы ақпараттарды өңдейді, басқара алады.
3Энергетикалық ресурстарды, оларды электр энергиясына түрлендіру, тасымалдау, тарату әдістерін біледі.
4Жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген электр қондырғылардың классификациясын, жұмыс істеу принципін түсіндіреді.
5Электр станциясының жұмысы мен құрылымдық схемасын сызады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Пәннің мақсаты мен міндеттері.
26В07153- Электр энергетикасы білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы
3Энергетика туралы негізгі анықтамалар.
4Қазақстан электр энергетикасының дамуының кезеңдері
5Қазақстанның энергетика жүйесі
6Электр энергияны өндіру, жеткізу, тарату, пайдалану
7Энергия және энергетикалық ресурстар.
8Қазақстанның және дүниежүзінің энергетикалық ресурстары
9Электр энергиясын өндіру тәсілдері.
10Жылу электр станциясы (ЖЭС).
11Конденсациялық электр станция (КЭС)
12Атом электр станциясы (АЭС).
13Су электр станциясы (СЭС)
14Қайта жаңғырылатын энергия көздері. Күн, жел энергиясы.
15Электр жүйелерінің конструкциясы мен элементтері
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Аллан Р. Хамбли. Электрлік энергетика инженериясы: принциптері мен қосымшалары: Оқу құралы. Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2017.
2Хожин Г. Электр станциялары мен қосалқы станциялар. А: ҚР ЖОО қауымдастығы. 2014.
3Қойшиев Т.Қ. Жаңғыртылатын энергия көздері. Алматы: Полиграфкомбинат. 2013.
4Дэниел Ергин. Энергия көзін іздестіру жолында. Алматы: Раритет, 2016.
5Демидова Г., Лукичев Д. Введение в специальность электроэнергетика и электротехника. 2016.
6Бугубаев С., Стульников Г., Агимов Т.Н. Введение в специальность. Алматы: АУЭС. 2018.